«The Qazaq Times»-қа екі жыл

0
127

«The Qazaq Times» ақпараттық, қоғамдық-саяси порталына екі жыл.

Әрине, тұтас қазақ тілді ақпарат кеңістігінен алып қарағанда екі жыл көп уақыт емес. Дей тұрғанмен, қазақ БАҚ-на бар үлесімізді қосуға тырыстық. Өз ұстанымымызға сай ешкімнің тапсырмасын орындамадық және рейтниг жарысына да түспедік. Қазақ халқына, қазақ мемлекетіне әлемнің әр түкпірінде болып жатқан түрлі қоғамдық-саяси, әлеуметтік жағдайларды еш бұрмалаусыз қаз-қалпында жеткізуге күш салдық.  Кешегі Кеңес заманынан қалған әлемге орыстың көзімен ғана қарайтын үрдісті бұзуға тырысып бақтық. Сол үшін де ұжымымызға ағылшын, қытай, орыс, түрік және француз тілін еркін меңгерген журналистерді топтастырдық.

Тарих болып қалуға жақын тұрған 2018 жылда да журналистеріміз әлемнің әр қиырындағы елеулі оқиғаларды, ауқымды мәселелерді қазақ қоғамына жеткізіп, олардың жаһандық ұлы көште келе жатқан Қазақстан сынды елімізге тигізетін оң немесе теріс ықпалдары туралы журналистік ойларын жеткізіп отырды.

Айталық, АҚШ-Қытай қарым қатынасы, Корей түбегіндегі дағдарыс және бейбітшілік процесі, Сауда соғысы, Үнді-Тынық мұхит көшбасшылығына талас, АҚШ-Иран дағдарсы, Идлиб дағдарсы, Ауғанстан жағдайы, жаһандық жылыну және климат өзгерістері туралы Естай Божан назарына ұстаған болса (https://qazaqtimes.com/en/author/4);

АҚШ Конгресі сайлауы, Brexit, Германиядағы миграция, Франциядағы «сары жейделілер» ереуілі, Мәскеу-Киев текетресі, Трамптың түрлі санкциялары, Мексикадағы «мигранттар керуені», жаһандану жағдайындағы Жапония сияқты халықаралық саяси ахуалдарды Арай Жұматай қадағалады. (https://qazaqtimes.com/author/20)

Жер-жаһан жағдаяттарына қоса, ел ішіннің де түрлі мәселелерін қалыс қалтырмауға күш салдық. Қауіпсіздік кеңесі, «Жаңа Қазақстан», Қытай қазақтары мәселесі, Ішкі істер министрлігінің реформасы сияқы өзекті мәселелерге порталымыздың журналисі Есдәулет Қызырбекұлы үздіксіз назар салып отырды (https://qazaqtimes.com/author/9).

Сағадиевтің сәтсіз реформасы туралы және комуналдық тарифтердің арзандауының астары туралы Бауыржан Жақсымбет қалам тербеп келді (https://qazaqtimes.com/public/kk/author/23).

Орталық Азия елдерінің интеграциясы, Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы, Ұлттық қордың хал-ахуалы, ел іш экономикасы туралы Маржан Нүсіпбек https://qazaqtimes.com/en/author/10, Күрд қарулы күштері, Түрік парламенті мен президенті туралы, Араб біріккен әмірлігі мен Сауд Арабиясы, Таяу-орта Шығыс мәселесі, Израйыль-Палестин шинелісі туралы Нұргүл Жамбылқызы (https://qazaqtimes.com/author/17) жаңалықтарды қалт жібермеуге күш салды.

Порталымыздың ағылшын редакциясында Назерке Сүйіндікова https://qazaqtimes.com/en/author/15  мен Мәдина Жәлелқызы https://qazaqtimes.com/en/author/14 Қазақстан мен Орта Азия елдеріның қоғамдық саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайлары туралы ақпарат жеткізді.

“The Qazaq Times” порталының құрылғанына екі жыл толуына орай, осыған дейін бізге сенім артқан тұрақты оқырмандарымызға алғысымызды білдіреміз. Әрі, алдағы уақытта да жаһандық және ел ішінің жағдайларына бірге назар аударамыз деп сенеміз.

“The Qazaq Times”