The New York Times: Қазақстан — Сирияда болған қандастарын жылы қабылдаған жалғыз ел — Қазақстан жаңалықтары

0

АҚШ-тың ірі басылымдарының бірі The New York Times Сириядан оралған қазақстандықтар туралы сюжет шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан

Сурет: camonitor.kz

25 жастағы Аида Сарина америкалық газетке сұхбат берді. Оның айтуынша, ол Түркияға кезекті демалысқа бара жатырмыз деп ойлаған. Алайда күйеуі оны алдап, кейін екеуі Ислам мемлекетіне қосылған. Әйел адам ешуақытта террористердің қатарына қосылғысы келмегенін, арнайы әскери дайындықтан өтпегенін айтады. Десе де қазақстандық психологтар жайсыз жағдайдың алдын алу үшін Сарина мен өзге де әйелдерді исламдық экстремизмнен емдейтін түрлі бағдарламаға жазған. 

«Олар бізден қауіп бар-жоғын білгісі келеді», — деді Сарина. 

Басылым Қазақстанның барлық Батыс мемлекеттеріне қарағанда, Сириядан қайтып оралғандарды құшақ жая қарсы алатынын айтады. 

«Әйел адамдармен қылмыскер ретінде сөйлеспей, керісінше оңалту орталығының мамандары әйелдерді өз тәжірибесі туралы айтуға көндіреді», — делінген мақалада. 

10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін болса да, ер адамдар да Қазақстанға орала алады. Алайда бұл ұсынысты тек кейбірі қабыл алған.

The New York Times журналистерінің бірі оңалту орталығында болып қайтты. Олардың айтуынша, орталықта әйелдерге балаларына күтім жасап, тамақтанып, дәрігерлер мен психологтардың көмегіне жүгінуге мүмкіндік береді. 

Аида Сарина журналистерге солтүстік-шығыс Сириядағы босқындар лагері мен қазіргі өмірі туралы айтып берді. 

«Құдды анам мені балабақшадан алып кетуді ұмытып, кейін есіне түсіргендей күйде жүрмін», — деді ол. 

Басылымның хабарлауынша, батыс билігі мұндай әйелдерге аса жанашырлық танытпайды. Мысалы, Ұлыбритания мен Аустралия Ислам мемлекетіне қосылғандарды азаматтығынан айырған. Франция өз азаматтарын Иракта соттауға рұқсат берді. Ал аталған мемлекетте азаматтарды өлім жазасына кескен болатын. 

«Қазақстан ауқымды проблемаларды шешуге ұсыныстар айту арқылы халықаралық дипломатияда үлкен рөл ойнау үшін тырысып бағуда. Сондай-ақ, ол өзге мемлекеттердің ядро қалдығын өз территориясына орналастыруды ұсынуда», — деп жазды басылым. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін ер адамның өзімен бірге Сирияға 16 жастағы баласын ала кеткені туралы хабарлаған едік. 

stan.kz