терроризм үшін сотталған ер адам ашық сұқбат берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ер адам өзінің жасаған қателегін жастар қайталамаса екен деп отыр. Сол үшін де сұқбат беруге келісіпті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша — Sputnik. Архат Талғатұлы (есімі өзгертілген) сауда-саттық саласында жұмыс істейтінін айтты. Оның аяқталмаған арнайы-орта білімі бар. Үйленген, 2 баланың әкесі.

2005 жылы дінге қызығушылық таныта бастапты. Білімді негізінен интернеттен алған.

«2008 жылы көбінесе джихад туралы уағыз айтатын уағызшыны тыңдай бастадым. Джихад жасауға және Кавказ жеріндегі мұсылман бауырларға көмектесуге шақырды. Өзімнің де көмектесуге ниетім болды, алайда діни білімім өте төмен еді», — дейді ол. 

2011 жылы шекараны заңсыз өту арқылы Ауғанстан мемлекетіндегі мұсылмандар тұратын Вазиристан жеріне соғысқа бармақ болған. 2011-2015 жылдар аралығында қылмыстық кодекстің 177-бабы 3-тармағы, 330-бабының 2-тармағына (ҚР шекарасын қасақана заңсыз өту) сәйкес қайта бас бостандығынан айырылған.

«Түзету мекемесінде отырған кезімде, жергілікті теолог-мамандар кездесулер ұйымдастырып, көптеген діни сұрақтарға жауап берді. Жай ғана айтып қоймай, кітаптардан дәлел көрсетіп, қателегімді түсінуге көмектесті. Сонымен қатар, жанымда бірге жазасын өтеушілермен сөйлесе отырып, дұрыс жолмен жүрмегенімді білдім. Діни сауатсыздық салдарынан өзім және отбасым көп қиындық көрді», — деп өкінеді ол.

Жазасын өтеп болған соң, 2018-2019 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласының дін проблемаларын зерттеу орталығының теолог мамандары қатысуымен жеке кездесулерде болған. Кездесулер барысында Абу Ханифа мазхабы туралы толық мағлұмат алған.

«Қазіргі таңда дәстүрлі ислам бағытына бет бұрып, Әбу Ханифа мазхабына оралдым. Салт-дәстүрге қарсы келмеймін. Мешітте жамағатпен бірге намаздан кейін Құран тындап, мешіт имамдарымен бірге дұға жасаймын», — дейді ер адам.

Ол өзінің қателегін жастар қайталамаса екен деп отыр. Сол үшін де сұқбат беруге келісіпті. 

Тағы оқыңыз: 13 жасында босанды: Сириядан оралған қазақстандық балалардың ауыр тағдыры — видео

«Ғаламтордағы «жалған» шейхтардың жиһад туралы үндеулерін елемеуге, шынайы исламға бет бұрып, тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітінің имамдарынан, Қазақстанда жоғары білім алған теолог, дінтанушы мамандардан кеңес алғандарыңыз жөн»,- деп түйіндеді сөзін. 

Материал Нұр-Сұлтан қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығының көмегімен дайындалды.



sputniknews.kz