Жаңа 2020 жылға арналған құттықтау

0
1018

Жаңа 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2020 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа 2020 жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2020 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!

Жаңа 2020 жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!

Жаңа 2020 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2020 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2020 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Атаға тілек
Қамшының сабындай қысқа ғұмыр бір-бірімізге күн сайын жылы сөз айтуға ырық бермейді. Желдей жүйткіген уақыт көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Сол себепті осы сәтті пайдаланып, ататайым, сізге алғыс айтқым келеді. Әр Жаңа жыл келіп жеткен сайын жарық дүниедегі әр сәтім үшін мың шүкіршілік айтамын! Мұның барлығы біздің болашағымыз үшін аянбай еңбек етіп, ата-анамызға жақсы тәрбие берген өзіңіздің арқаңыз. Мен үшін көңіліз аппақ қардай таза, ал мінезіңіз ұлпа қардай жұмсақ. Қабағыңыздан қаңтардың суықтығы мен ажарыңыздан ақпанның аязды кейпін көргім келмейді. Барлық аялы армандарыңыз орындалып, жүрегіңіз жылудан айырылмасын! Сіз мен үшін үнемі сағынышпен тосатын Аяз атадай қымбатсыз! Бірақ есейгелі сізді беретін сыйлықтарыңыз үшін емес, жәй ғана қасымда болғаныңыз үшін жақсы көремін!

Әжеге тілек
Тілеуімді тілеп, әрдайым еркелігімді көтере білген, мен ауырсам, жаны ауырған, көрмей қалса, сағынған әжетайым, Жаңа жылыңыз құтты болсын! Бар тәттіні аузыма тосып, қызықты ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған өзіңізді жан-жүрегіммен жақсы көремін. Жасыңыз ұзақ болып, ешуақытта ауырмаңыз. Көңіліңіздің кеңдігі мен асыл өсиеттеріңіз үшін көп рахмет! Әрқашан бала-шағаңыздың қызығына кенеліп жүре беріңіз!
Мен үшін атам екеуіңіздің бір жастықта қартайып, жүздеріңіздегі нұрлы күлкіні көруден артық бақыт жоқ. Кеудеңіздегі лүпілдеген “моторыңыз” ақаусыз жұмыс істеп, жүздің бірнешеуін жасаңыз! Алдағы өміріңіз ой-шұңқырсыз кең әрі тегіс болсын! Әр сәт сізге бақыт пен қуаныш қана сыйласын!

Әкеге тілек
Әкетайым, өмірдің түрлі соқпағына қарамастан бізді өрге тартып, тағдырдың суығына тоңдырмай мәпелеп, ыстық махаббатыңызға бөлегеніңіз үшін рахмет. Келер Жаңа жыл сізді тек жақсы тосынсыйларымен қуантсын! Деніңіз сау болып, жарқын жүзіңізді ешуақытта мұң шалмасын. Сүйенсем — тірегім, құласам — сүйенерім болған өзіңізсіз. Маған осы күнге дейін жасаған жақсылығыңыз үшін алғысым шексіз және оларды ешуақытта ұмытпаймын. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Әрдайым шаңырағымыз мол әрі берекелі болсын! Анам екеуіңіз балаларыңыздың қуанышына марқайып отыра беріңіздер. Сіздердің жанымда болғандарыңыз мен үшін үлкен бақыт! Рахмет сіздерге!

Анаға тілек
Баға жетпес асылым, мені өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай осы күнге дейін есен-сау жеткізгеніңіз үшін сізге мәңгі қарыздармын. Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілегім өзіңізге арналады. Бала-шағаңыздың ортасында күліп-ойнап, бақытқа бөленіп, шаттыққа кенеліп жүре беріңіз. Келіп жеткен 2019 жыл сізді қуантудан жалықпасын. Мәуелі бәйтеректей көз алдымда жайқалып жүре беріңіз. Сіздің жүрегіңіздегі шексіз мейірім мен аялы алақаныңызға тең келетін ешнәрсе жоқ. Шырайлы шапағат пен шуаққа кенеліп, әр таңыңыз қуанышты сәттерге толы болсын, ешуақытта ауырмаңыз. Осындай көңілді мерекені бірге қарсы алуды бұйыртқан Жаратқанға алғысым шексіз. Алда талай жылды бірге қарсы алуды бұйыртсын. Тамырын тереңге жайған қарағайдай бәрімізге сая бола білген өздеріңізді Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, бақытты ғұмыр тілеймін!

Сүйіктіме тілек
Жаным, біздің өміріміз сылдырлап аққан өзен секілді. Сіздің алда кездескен қайғы мен қиындықтардан жеңіл өтіп, бақыт атты сарқырамаға жетуіңізге тілектеспін. Ал мен әрдайым жаныңызда қолдаушыңыз боламын. Кешегі батыл мақсаттарыңыз бүгінде шындыққа айналсын. Көңіліңіздің аспаны ешуақытта түнермесін, жаманшылық атаулысының барлығы сізді айналып өтсін. Шын жүректен әлемнің бар жақсылығы мен асылын, қуанышы мен байлығын тілеймін! Жаңа жыл жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, сізді үлкен бастамаларға жетелесін. Мен де, балапандарымыз да сізді шексіз жақсы көреді. Кез келген сәтте сүйенішіңіз болуға дайынбыз! Осыны ұмытпаңыз!

Достарға тілек
Уақыт ешкім тоқтата алмайтын алып кеме секілді. Сол кеменің жүрісімен біз де өмір толқындарымен араласып, арпалысып, балалық шақ жағалауына қол бұлғап, бүгінде ересек шаққа жеткен жайымыз бар. Осы ұзақ жолда күресте жеңе білгендер, жеңіліп ағыстың ағынымен кеткендер жетерлік. Өздеріңнің осылардың алғашқыларының қатарында болғандарыңды қалаймын. Алда кездесетін сан қилы қиындық пен ауыртпалықты бастағы ақылмен, сабырлы мінезбен жеңе біліңдер. Аспанның бұлтсыз болмайтынын бәріміз білеміз. Бірақ жаңа 2020 жылы шуақты күндер көп болсын! Аңсаған армандарыңа жетіп, тек бақытты сәттердің куәсі болыңдар! Ең бастысы денсаулықтарың мықты болсын!

Балама тілек
Алтыным, ботам, панам, біздің өмірімізде бар болғаның үшін рахмет! Өзіме не тілесем, саған да соны бергім келеді. Сен үшін күйіп, маңдайдан сүйіп тұратын жақындарды, қолдары ашық болатын, жаныңа ғашық болатын асыл жандардың ортасында жүруді тіледім. Жаныңды жалғызсыратпайтын жар кездессін. Алдыңнан шыққан кедергілердің бәрін жеңіп, алып мұраттарыңа асқан табандылықпен жете біл. Алла-тағала сені тек биіктерден көруді жазсын. Әр қадамыңа гүл, келбетіңе нұр, қиялыңа қанат бітіп, жасыңа жас қосылсын. Жаңа 2020 жыл саған тек қызықты да қуанышты сәттер алып келсін!

Өзіме тілек
“Тағы бір мәрте шалыс басып, қолыңнан бірнәрсе келмей жатса да, сүрініп құлап, жерде жатсаң да, тағы бір рет қателік жасап, жаңа қадам жасауға қорықсаң да, сен әрдайым қолдау көрсетіп, сенім артуға лайықсың…” Жоқ, мен бұл сөздерді айналамдағыларға емес, өзіме айтамын. Біз өзімізді бар қалпымызда қабылдауға лайықпыз. Ішкі дауысымыз бір топ адам айтқан әннен қаттырақ шығуға лайық. Біз өзімізге қайта-қайта мүмкіндік беруге лайықпыз! Сол себепті, Жаңа жыл мерекесімен, алдымен, өзімді құттықтаймын. Осы күнге дейін қиындықтарға мойынсұнбағаның үшін рахмет, асылым. Алдағы жылы өзіңе күтім жасап, шексіз жақсы көруге уәде беремін.

 

1

Жылыстаған жылдармен жылжып есен-сау жүре берейік! Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа Жыл құтты болсын. Бауырымыз бүтін болсын, жақындарымыз аман жүрсін! 2012 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай! Аялы арманымыз орындалып, жүректер жылудан айрылмасын!

2

Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды.Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын! Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!

 Бүлдіршінге:

3

Отбасымыздың ең кішкентай мүшесі- бүлдіршінім, сенің де жаңа жылың құтты болсын! Аппақ қардай көңілі пәк балапаныма келер жыл тек жақсылықтарын сыйласын. Жайнаған жүзінен күлкі кетпей, балдай тәтті қылықтарына қанбай жүре берейік!

4

Осы мерекені қатты күткен былдырлаған балапаным! Алыстарды көздеп, биік белестерді бағындыратын  үлкен азамат бол! Өмір жолы сені адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын. Көрер жаңа жылдарың көп болсын, жүзіңнен тек қана күндей жайнаған нұрлы күлкіні көрейік.

5

 Жаңа жыл бүлдіршіндер үшін ерекше мереке. Олардың кіршіксіз көңілдері бұл күні ғажайыптың боларына сенеді. Пейіштен шыққандай пәк періштелердің тілегі қашан да орындалады. Сондықтан, жаңа жыл есік қақпастан бұрын, балапаным, сенің амандығыңның тілекшісімін! Қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын тілеймін. Тау суындай таусылмас қайратқа да, сыр суындай сарқылмас жігерге де, гүлдей жайқалған ғұмыр мен самал желдей тербелген өмірге балам, сен лайықсың!

6

Балдырғандар аналарына шуақ, әкелеріне қуат болсын! Сиқырлы мерекеде әкелер сиқыры таусылмай, өздері сенетін ертегі ғұмырды көруге жазсын! Жаңа жыл сәбилердің жарқын күлкісінен айырмасын, дендері сау болып, бал дәурен балалықтың бақытына тоймай жүре берсін!

Ата-анаға:

7

 Тамырын тереңге жайған бәйтеректей бәрімізге сая бола білген ата-анамызды жаңа жылмен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілейміз.Шырайлы шапағат мен шуаққа кенеліп, арамызда аман-сау жүре беріңіздер!

8

 Құрметті Әкем мен Анашым! Келіп жеткен 2012 жыл сіздерді қуантудан жалықпасын. Мәуелі бәйтеректей көз алдымызда жайқалып жүре беріңіздер. Ана, сіздің аялы алақаныңызға, Әке, сіздің жүрегіңіздің шексіз мейіріміне тең келер ештеңе жоқ. Сіздердің амандықтарыңызды тілеп, осы жаңа жылды бірге қарсы алу сәтіне жеткізген Аллаһқа разылық білдіремін!  Талай жылды бірге қарсы алу бақыты бұйырсын деймін! Жаңа жыл құтты жыл болсын!

9

 Әкешім! Өмірдің соқпағына қарамастан бізді өрге тартып келе жатқан, тағдырдың суығына тоңдырмай мәпелеген, бар ыстық махаббатын бізге төккен Сіз, бірінші құттықтауға лайықсыз. Жаңа жыл тек жақсылықтарымен қуантсын! Деніңіз сау болып, жарқын жүзіңізді мұң шалмай, балаларыңыздың қуанышына марқайып отыра беріңіз!

10

Анашым! Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан – ана, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай, осы күнге есен-сау жеткізгенің үшін алдыңда мәңгі қарыздармыз. Әр жаңа жыл кеші тек өзіңмен ғана көңілді. Анашым, жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз. Жаңа жыл бар тілектеріңізді орындасын!

11

Әкем, анам! Аяулы асылдарым! Сүйенсем, тірегім, құласам, сүйеуім сендерсіңдер. Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Дастарханымыз әрдайым осындай мол, шаңырағымыз берекелі болсын! Сіздердің жанымызда болғандарыңыз біз үшін үлкен бақыт! Ұзағынан болғай!

 Досқа:

12

Тіреуім досым! Қуанышым мен қайғымның куәсі, өмірімнің бөлшегі болған аяулы жан. Жаңа жылда сені құттықтап, қуантуға асығудың өзі қандай бақыт! Жыл бойы кірпігіңді мұң шалмасын, жасыма, тек қуанып, жадырап, аман-есен жүре бер.

13

Достар! Жан-жағыма көз салсам, жаңа жылды қарсы алу кешіне әсем де сұлу, көркіне көз тоярдай сүйкімді қыздар мен жігіттер жиналып отыр екен. Жүздеріңе қарасам, мезгілдің қыс екенін ұмытып, қып- қызыл қызғалдағы жайқалған көктемнің сұлулығын, жаздың жылулығын көремін. Ендеше достар, лайым осылай құлпырып жүре беріңдер. Жаңа жыл әрқайсысыңа бақыт пен шаттық сыйласын! Жылдар бойы жалғасып келе жатқан достығымыз бұл жылы да әдемі жалғасын тапсын!

14

Жаңажылдық дастархан қандай тәтті болса, сен барда менің өмірім сондай тәтті. Нұрлы жүзіңнен тек қана күлкі көріп, қуанышымды өзіңмен бөлісе жүрейін. Бақытты бол, құрбым!

15

Аяулы дос! Санаулы сағаттардан соң кіретін жаңа жыл саған бар жақсылығын төксін! Жаңа жылда жаңа табыс, денсаулық, сәттіліктер тілеймін! Жылдан- жылға аманшылықпен, зор қуанышпен жете бер!

16

Әніміз де, сәніміз де жарасқан, тілегіміз де, жүрегіміз де бір болған асыл дос! Өзіңді жаңа жылмен құттықтауға асықпын! Бар қиындықтар мен өкпе-наздар ескі жылмен есіркеп кетсін! Жаңа жылда жаңа белестерді бағындырып, жаңа табыстарға жете бер! Жаңа жыл құтты болсын!

17

Айналамды өздеріңдей керемет жандар қоршаған мен ең бақытты жанмын! Жаңа жылдың жылтыраған ойыншықтарындай жүздері жайнаған достарым мәңгі жанымда болсын! Достар, мереке құтты болсын! Дастарханымыз мол болсын! Көңіліміз даладағы аппақ қардай таза болсын!