«Термиттер Ұлттық банктің қоймасындағы 2 трлн теңгені жеп қойды»: Ақпарат желіде қызу талқыланып жатыр
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Ұлттық банктің қоймасындағы 2 триллион теңге көлеміндегі қаражаттың жоғалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды StopFake басылымы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бас қоймасында 2 триллион теңге мөлшеріндегі ұлттық валюта купюраларының жаңа шығарылымы жоғалып кеткені, оны жәндіктер жеп қойғаны туралы жазылған.
Бұл пост желідегі сатиралық аккаунтында жарияланды. Онда ойдан шығарылған жаңалықтар мен шынайы емес хабарламалар жарияланады. Бұл туралы парақшаның профилінде: «Сатиралық контент. Фейк-ньюс» деп жазылған.
Желі қолданушылары сатиралық парақшадағы жарияланымдарды бұған дейін де шынайы ақпарат ретінде ұсынған.