Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

КЛМЗ ұжымы Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын қолдайды

КЛМЗ ұжымы Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын қолдайды

«Қазақмыс» Корпорациясының құрамына кіретін Қарағанды құю-машина жасау зауытының (КЛМЗ) ұжымы Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын қолдайтынын ресми түрде жариялады. Жоба 2026 жылдың 15 наурызында жалпыұлттық референдумғашығарылатын болады.

Зауыттағы әр ауысым, әр бөлімше, әр қызметкерөндірістің тұрақты және тиімді жүруіне үлес қосатын болса, әр азамат та елдің болашағына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Мемлекет күшті болуы үшін заң үстемдігі, ашықтық, әрадамның құқықтарын сыйлау және қоғам мүддесініңтеңгерімділігі маңызды. Жаңа Конституция жобасы осы қағидаларды бекітіп, әділдік пен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, сондай-ақ елдің тұрақты дамуынажағдай жасауға бағытталған.

«Біз үшін референдум — жай рәсім емес. Бұл — өзазаматтық ұстанымымызды білдіру, елдің тұрақтылығы мен прогресін қолдаудың нақты мүмкіндігі. Мемлекеттіңболашағы әр азаматтың жауапкершілігіне, белсенділігіне жәнемаңызды мәселелерге көңіл бөлуіне байланысты», — деп атапөтті зауыт ұжымы.

Референдумға қатысу — әрбір азамат үшін елдіңтұрақтылығы мен дамуына қосқан үлес. Бұл тек реформаларды қолдаудың мүмкіндігі ғана емес, әрқайсымызғақұқықтық және әлеуметтік негізді қалыптастырудағы маңыздыпроцестің бір бөлігі болуға жол ашады. Жаңа Конституция болашақ ұрпақ өмірінің сапасын айқындайтын маңызды құжатболып табылады.

КЛМЗ ұжымы өзінің азаматтық ұстанымын көрсетіп қанақоймай, «Қазақмыс» Корпорациясының негізгіқұндылықтарын — жауапкершілік, адалдық және әр адамныңортақ іске қосқан үлесін де дәріптейді.

Ұжым барлық қазақстандықтарды белсенді болуға, референдумға қатысып, жаңа Конституция жобасын қолдауғашақырады. Бұл — әділдік, заңдылық және өзара сыйластыққанегізделген елдің болашағына үлес қосудың нақты мүмкіндігі.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.