Тергеу жүріп жатыр: Қайрат Нұртас күзетшінің мұрнын сындырды деген күдікке ілінді

0

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас күзетшімен төбелесіп, мұрнын сындырды деп күдіктелді. Полиция төбелес фактісін растады, бірақ олардың бұзақылық жасаған күдіктінің есімдерін жария етуге құқығы жоқ.

Өз кезегінде Tumba.kz Маңғыстау облысының полиция департаментіне бұл оқиға бойынша қандай шаралар қолданылғандығы және әншінің бұл іске қатысы бар-жоғы туралы сауал жолдады.

Департамент Ақтау қаласындағы қонақ үйлердің біріндегі бұзақылық фактісі бойынша Қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын түсіндірді.

 

Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтайтын соңғы шешім сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша қабылданады. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жария етілмеді, — деп атап өтті Маңғыстау облысының полиция департаментінде.