Теннис тарихындағы ерекше сәт: Қазақстандық теннисші Australian Open 2020 жеңімпазын басып озды – Қазақстан жаңалықтары

0
47

20 жастағы Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA Dubai Duty Free теннис чемпионатын Australian Open 2020 жеңімпазы американдық София Кенинді жеңуден бастады, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

рыбакина

Теннисшілер турнирдің бірінші айналымында кездесті. Бірінші сет Кенингке тиесілі болды, ол тай-брейкте 7: 2 нәтижесімен жеңіске жетті . Алайда, намысты қолдан бермей Рыбакина бастаманы қолдап, қатарынан екі ойында да 6:3 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде спортшылар екі сағат екі минуттарын кортта өткізді.

21 жастағы Кенин бұл турнирде бесінші орыннан көрінді, ал WTA рейтингінде жетінші орында. 20 жастағы Рыбакина қазіргі уақытта әлемнің 19-ракеткасы.

stan.kz