Теңге бағамы тұрақты – Ұлттық банк мәлімдеме жасады
Ішкі және сыртқы экономикалық факторлар теңге бағамының тұрақтылығына оң әсер етуде.
Қазақстанның Ұлттық банкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақты екенін және теңге бағамының себепсіз төмендеуіне негіз жоқ, деген мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктерде халық сұранысын қамтамасыз етуге жеткілікті көлемде қолма-қол валюта бар және реттеуші орган теңге бағамын қолдауға, оның қысқа мерзімді ауытқуларын басуға қажетті шаралар қабылдауға дайын отыр.
Теңгенің ағымдағы бағамы тұрақты және ол биржада Қазақстан Ұлттық банкінің қатысуынсыз қалыптасуда. Ішкі және сыртқы экономикалық факторлар да теңге бағамының тұрақтылығына оң әсер етуде.
Қазір қолма-қол валюта нарығында дүрбелең туындауына ешқандай себеп жоқ. Ұлттық банк айырбас орындарындағы жағдайды бақылауға алған.
Валюта бағамын жөнсіз көтеруге байланысты спекуляциялық жағдайлар анықталып жатса, шұғыл шешімдер қабылдануы үшін азаматтар Ұлттық банкінің филиалдарына хабар бере алады.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!