Теңге бағамы неге тұрақсыз?
Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер қай өңірде көп?
Теңгенің бірде құлдырап, бірде нығаятыны бәрімізге белгілі. Бірақ теңге бағамының жоғары не төмен болуына не әсер етеді? Теңге бағамы Қазақстан қор биржасының валюталық сауда-саттық алаңшасында саудаланады. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы екі валюта саудасының қорытындысы бойынша анықталады.
Кез келген валюта сияқты теңгеге сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Оның қазіргі өзгерісіне ықпал еткен сыртқы факторлар қатарында доллардың жаһандық нығаюын және оның салдарынан дамушы елдер валютасы индексінің төмендеуін, рубльдің долларға қатысты әлсіреуін атауға болады. Қазақстан қор биржасында таңғы сауда сессиясы Астана уақытымен сағат 10:15-те басталып, 11:00-де аяқталады. Сонымен бірге, түскі және кешкі сессиялар бар. Демек сағат 11-00-ден кейін сол күнгі теңгенің алғашқы нарықтық бағамы анықталады. ТЕҢГЕ БАҒАМЫ НЕГЕ ТҰРАҚСЫЗ?
Сол теңгені айырбас пунктіне барып долларға айырбастаймыз тиісінше Қазақстанда доллардың санының үлесі азаяды ол азайған соң ҚР Ұлттық банкінің міндеті ол долларды толықтыру болып табылады толықтыру үшін не істейді ол доллар болса Америкаға долларды сұратады яғни маған доллар бере тұр мен жалпы сатып алайын деген осылайша долларға деген сұраныстың көбейінің нәтижесінде теңгенің бағасы әлсіреп доллардың бағасы көтеріле түседі
Теңгенің нығаюына еліміздің шикізат қоры да әсер етеді. Мәселен, мұнай қоры көтерілген кезде, теңге беки түседі. Бұған қоса, елдегі түрлі сайлау науқанында немесе экономикалық қиын шақта теңге бағамын бірқалыпты ұстап тұру үшін Ұлттық қордан өте көп қаржы бөлінеді.
Теңге қай кезде құнды бола түседі ол өнеркәсібімізді дамытқан кезде біз көбірек қызметін көрсеткен кезде біздің елге көбірек турист келген кезде бізді теңгеміз нығая түседі
Қазақстандағы көптеген ірі жобалар шетелдік қаражат есебінен жүзеге асырылып отыр. Бірақ оның көпшілігі сауда ойын-сауық орталықтарымен байланысты. Шикізаттық емес секторда құны 500 млн теңгеден басталатын отандық және шетелдік инвесторлардың кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бар.
2024 жылы 21 жалпыұлттық жоба аяқталады деп күтіліп отыр. Бұл деректер тоқсан сайын жаңартылып отырады. 21 жобаның 17-ін отандық инвесторлар қаржыландырады. Олар көбінесе сауда ойын-сауық орталықтары, автосалондар, бизнес орталықтары. Бұл мақсатқа 12 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады. Қаржының дені Шығыс Қазақстан облысы мен Ақтаудағы көтерме-тарату орталықтарын, Қызылордадағы әуежайдың жаңа жолаушылар терминалын, Қостанай облысында жол бойындағы үш сервис нысанын салу, Маңғыстау облысында қалалық және қала маңындағы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және қоймалау бойынша маңызды инфрақұрылымдық жобаларға бағытталады. ИНВЕСТОРЛАР АҚШАСЫН ҚАЙДА ҚҰЙЫП ЖАТЫР?
Ұлттық статистикалық бюро 2023 жылы зиянды және өзге де қолайсыз еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер санын жариялады. Былтыр 410,3 мың адам, яғни қызметкерлердің 24,2% санитарлық-гигиеналық талапқа сай келмейтін жағдайда жұмыс істеген екен.
Мейрамбек ЕРБОЛАТҰЛЫ