Жахан Отарғалиев досы Шерхан Пірназарға Умраға жолдама сыйлады

0

Танымал актер Жахан Отарғалиев досы Шерхан Пірназарға Умраға жолдама сыйлады, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл қуанышты жаңалығын актер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.  «Жақындарымызды жиі қуантып тұрайық», — деп жазған ол.

«2 жыл бұрын мені Рауанның кіндік әкесі ретінде атадыңдар. Өзімнің бұл атаққа жете алмай жүргеніме 15 жыл болған екен. Мынау — кішігірім сыйлығым. Таңғалдыруға тырысып көрейін», — дейді ол видеода.

Фото: massaget.kz