«Телефонды тіркеу – азаттықты шектеу». Заңгер IMEI-кодтарды тіркеуге қарсы шықты

0

Мен Қазақстан азаматы ретінде қазақ елінің азаттығы күні қарсаңында осы ұлы күнмен құттықтай отырып, жеке азаттығыма қол сұғатын телефондарды тіркеу шарасына қарсылығымды білдіремін. Телефонның IMEI кодына ЖСН (ИИН) мен абонент нөмірін қосақтау адамның негізгі бостандықтары мен конституциялық құқықтарына зор қауіп төндіреді.

Себебі, ол Конституцияның 18, 20, 21-баптарында баяндалған менің:

-жеке өмірімнің қол сұғылмаушылығына;
-жеке және отбасы құпиясының болуы құқығына;
— хаты жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф және басқа хабарлар құпиясына деген құқығыма;
— еркін жүріп-тұру құқығыма;
— әлеуметтік желілерде смарфон арқылы жүзеге асатын сөз бостандығыма нұқсан келтіреді.

Осы арқылы шүбәсіз тоталитаризмге қайта ораламыз.

Менің құпияма мемлекеттің қол сұққанын қаламаймын және Конституцияның 1-бабындағы демократиялық, құқықтық мемлекетте өмір сүргім келеді. 
Сондықтан, заңның осы тармағы алынып тасталсын.
/Ұрлық телефонды тек IMEI-мен де табуға болады/

Алмас Жұмағали,

заңгер

«Қамшы» сілтейді