Фонема және оның варианты диалектілік бірліктегі категория

0

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Фонема

050117-Қазақ тілі мен әдебиеті
оқытудың түрі:күндізгі

Тексерген:ғылыми жетекші аға оқытушы
Жақыпбекова Ү.Б.
Орындаған: қ.б.-ΙΙ курс студенті
Байкөжекова Қ.К.

Курстық жұмысын қорғауға жіберген:
кафедра меңгерушісі п.ғ.к. проф. Жахина Б.Б.
Бағасы:

Көкшетау 2006

Жоспар:
Ι Кіріспе
ΙΙ Негізгі бөлім
а) фонема тарихы;
ә) фонема мәселесі;
б) фонема және фонологиялық арақатынасы
айырмашылықтары.
ΙΙΙ Қорытынды

Фонема – тіл дыбыстарының мағына айқындайтын кезеңін қарастырады.
Л.В.Щербаның айтуынша сөзді және сөздің тұлғасын ажырататын дыбыс типі,
дыбыстың айтылу түрі көп, шегі жоқ, бірақ олар орайласып бір дыбыс типін
құрайды, оны фонема деп ұғамыз. Л.В.Щерба фонема жөніндегі теорияны жасады.
Әрине, қазіргі тіл ғылымында фонема теориясы жайында пікір таласы жоқ емес.
Л.В.Щерба тілдің дыбыс кезеңдерін 3 аспекті бойынша қарайды, оның бірі-
социалдық және лингвистикалық аспекті, екіншісі-биологиялық аспекті,
үшіншісі-физикалық аспекті. Бұл 3 аспекті бойынша қазақ тіліндегі жаз,
жез, жон, жөн сөздеріндегі дыбыстарды талдап қарайық. Акустика –
физиологиялық жағынан қарағанда, жоғарғы 4 сөздей дыбыстардың тең еместігін
байқаймыз. Мәселен, 4 сөздің басындағы ж дыбыстары өзара салыстырылғанда,
4 түрлі айтылу ерекшелігі бар: бірінші сөздегі ж-дан гөрі екінші сөздегі
ж жіңішке – тілдің алдыңғы базасымен жасалып тұр. Екінші сөздегі ж-дан
гөрі үшінші сөздегі ж жуан – тілдің артқы базасынан жасалып, ерін
оттеногімен айтылып тұр. Үшінші сөздегі ж-дан гөрі төртінші сөздегі ж
жіңішке-тілдің алдыңғы базасынан жасалынып тұр. Ал, төртінші сөздегі ж
дыбысына қарағанда, бірінші сөздегі ж дыбысы жуан айтылады да, бірақ
айтымуында ерін оттеногі болмайды. демек, акустико-артикуляциялық жағынан
алғанда, төртеуі 4 түрлі дыбыс. Сондай-ақ одан кейінгі дыбыстар да акустико-
артикуляция жағынан өзара үйлеспейтін дыбыстар. Мәселен, жаз сөзіндегі
екінші дыбыс-тілдің артқы базасымен жасалатын езу дыбысы, жез сөзіндегі
екінші дыбыс – тілдің алдыңғы базасымен жасалатын езу дыбысы, үшінші жон
сөзіндегі екінші дыбыс – тілдің артқы базасынан жасалатын ерін дыбысы, ал
төртінші жөн сөзіндегі екінші дыбыс –тілдің алдыңғы базасымен жасалатын
ерін дыбысы. Демек, екінші жағдайда да акустико-артикуляциялық жағынан
өзгешелігі бар, 4 түрлі дыбыс. Осылар тәрізді сөздерде кейінгі дыбыстары да
акустико-артикуляциялық жағынан біркелкі емес. Тілдің осындай дыбыс
кезеңдері толып жатыр. Енді жоғарыдағы айтылған дыбыстарды лингвистикалық
аспекті бойынша қарайық.
Лингвистикалық аспекті тіл дыбыстарының сөз мағынасын айқындау жағын
қарастырады, олай болғанда, жаз, жез, жон, жөн сөздерінің басындағы
ж дыбыстарының сөз мағынасын айқындау жағы бар ма? Жоқ. Сөз басындағы ж
дыбыстарының акустико-артикуляциялық өзгешелігі болғанымен, лингвистикалық
– мағыналық өзгешелігі жоқ. Ал одан кейінгі а, е, о, ө
дыбыстарының сөз мағынасын айқындайтын қасиеті бар ма дегенде, сөзсіз, бар
дей аламыз. Бұлар акустико-артикуляциялық жағынан біркелкі болмаған
дыбыстар еді. Демек, ж дыбыстарында болған ерекшеліктердің фонематикалық
кезеңі жоқ та, ал а, е, о, ө дыбыстарының фонологиялық кезең бар.
Бұл дыбыстар арқылы сөз мағынасы өзгеріп тұр. Олай болса, қазақ тіліндегі
а, е, о, ө дыбыстары сөздің сөздің мағынасын айқындайтын дыбыс
типтері болып есептеледі. Сондай-ақ қазақ тіліндегі ескек, ерке, егеу,
етек сөздеріндегі е дыбыстарын акустико-артикуляциялық жағынан тең деуге
бола ма? Жоқ, оларды тең деп алмаймыз. Осы сөздердің анлаут позициясындағы
е дыбыстары ашық дифтонг сапасында айтылмай, дифтонгсыз жалаң монофонг
түрде айтылып тұр. Осыған қарай екеуін 2 түрлі фонема деуге бола ма?
Әлбетте, болмайды. Е дыбысы фонетикалық жағынан 2 түрлі көріністе
айтылғанымен, екеунің арасында мағына айқындау кезеңі жоқ. Олай болса е-
нің екі түрдегі көрінісі бір фонемаға орайласады. Сөздің анлаут
позициясындағы ашық дифтонг йэ қазақ тіліндегі е фонемасының конкреттік
көрінісі. Екіншіден, дауыссыз дыбыстар акустико-физиологиялық жағынан
алғанда қазақ тілінде де, орыс тілінде де жуан және жіңішке түрінде
айтылады. Мәселен, орыс тіліндегі мел, мель, пыл-пыль, мол-моль тәрізді
сөздерде л дыбыстары жуан да, жіңішке де айтылады.
Осы секілді қазақ тіліндегі қал, көл, пал, піл, бол, бөл
сөздеріндегі л дыбыстары жуан да, жіңішке де айтылады. Демек, л
дыбысының екі тілде де жуан, жіңішке көрінісі бар. Ал осы екі тілдегі л
дыбысының жуан-жіңішкелік көрінісі лингвистикалық жағынан бірдей ме
дегенде, сөзсіз бірдей емес. Орыс тіліндегі л дыбысының жуан-жіңішкелік
көрінісі сөз мағынасын айқындауға қатысады да, қазақ тіліндегі л
дыбысының жуан түрі бір фонема да, жіңішке түрі екінші бір фонема, ал қазақ
тілінде ондай емес. Екеу бір фонемалық көрінісі. Екеунің арасында
фонематикалық ерекшелік жоқ. Демек тілдердің дыбыстары акустико-
артикуляциялық жағынан жалпы үйлес келгенімен лингвистикалық жағынан
үйлеспейтінін байқаймыз. Бұл жағдай әр тілдің фонема жүйесінің қасиеті.
Сөйтіп, тілде дыбыс құбылыстары толып жатыр. Оларды акустико-артикуляциялық
жағынан маңызды не маңызсыз деп жіктеуге болмайды. тіл дыбыстарының бұл
кезеңдерін тек лингвистикалық жағынан жіктеуге болады. Сондықтан сөз
дыбысының акустико-артикуляциялық аспектілері лингвистикалық аспектіге
тәуелді болады.
Тіл ғылымының бір тарауы фонология тіл дыбыстарының мағына атқаратын
қызметін акустико-артикуляциялық кезеңімен байланысты диалектілік бірлікте
қарайды.
Функциялық жағын қарастыратын фонология материалистік жаңа тіл
ғылымының үлкен табысы. Буржуазия лингвистері фонема және фонология
терминіне өзгеше мән береді: фонеманы акустикалық жағынан ерекшеленетін тіл
дыбысы деп түсінеді. Соссюрдің ізімен фонеманы акустико-биологиялық
аспектідегі сөз дыбысы деп танып, социалдық функциясынан тыс қарайды.
Жоғарыдағы айтылған фактіге қарағанда, тіл дыбысын жіктеуде акустико-
биологиялық критерия мен лингвистикалық критерия дәл бірдей үйлес келмейді.
Тіл дыбыстары акустико-физиологиялық жағынан бір түрлі болуы мүмкін.
Сондықтан тіл дыбыстарын лингвистикалық жағынан қараймыз. Тіл дыбыстары
мағына айқындау жағынан бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Қандай бір сөз
болмасын, әлдеше фонемадан құралады. Сөзде фонеманың саны аз да, көп те
бола береді. Сөзден сөз өзгеше болу үшін сөздің күллі фонемалар сапасы өзге
болуы шарт емес, бір сөзден бір сөз, біріншіден, фонеманың сапасы жағынан
(мал, тал, қал, бар, бер, бір, танг, тас, там, т.б.), екіншіден, фонеманын
саны жағынан (бала, ала, ал, т.б.), үшіншіден, фонеманың сөздегі тәртібі
жағынан (тас, сат, қас, сақ, тек, кет т.б.), ажыратылып отырылады.
Фонеманың конкрет жағдайда жасалатын түрлі акустикалық көріністері болады.
Мәселен, жаз, жез, жон, жөн сөздердегі ж фонемасының төрт түрлі
акустика артикуляциялық өңі бар. Сондай-ақ, ескек сөзіндегі е
фонемасының екі түрлі акустикалық көршісі бар. Ал осы ж, е
фонемасындағы түрлі акустикалық көріністің болу себебі неде? Сөз мағынасын
айқындайтын дыбыс типтері-фонемалар тілде жеке қолданылмайды, жеке
қолданылғанды мағынасы да болмайды. Олардың семантикалық жағы сөз ағымында
ғана байқалады. Осы сөз ағымында фонемалар түрлі фонетикалық жағдайға
кездеседі. Ж, е фонемасындағы түрлі акустикалық көріністің болу себебі,
олардың сөз ағымындағы әртүрлі фонетикалық жағдайынан. Жаз дегенде ж-
нын жуан болуы соңындағы жуан а дауыстысына, жез дегенде ж -ның
жіңішке болуы соңындағы жіңішке е дауыстына байланысты. Сондай – ақ жон
сөзіндегі ж-ның еріндік оттеногімен айтылуы соңындағы еріндік о
дауыстысына байланысты. Ал, е фонемасының ашық дифтонг йэ түрінде
айтылуы – сөздегі позициясына байланыста.
Қызыл, кісі сөзіндегі ы, і фонемаларын акустикалық жағынан тең
деуге бола ма? Жоқ, тең деуге болмайды: екінші буындағы ы, і
қысаңдарынан гөрі бірінші буындағы ы, і қысаңдары екпінге байланысты
көмескі айтылып, редукция басқышына еніп тұр. Ал кейде ы, і қысаңдары
күшті фонетикалық жағдайға ұшырап, өзінің сапасын да жоғалтады: ерін-і-
ерні, орыны-ы-орны, қарын-ы-қарны, ерік-і-еркі т.б.
Ал екіншіден, жаз, жез, жүз сөздеріндегі а, е, ү дыбыстарының
ерекшеліктері жоғарыда айтылғандай фонетикалық жағдайдан жасалған ба? Жоқ,
фонетикалық кезеңге байланысты: а, е, ү дыбыстарының арасындағы
ерекшеліктері фонетикалық кезеңге байланысты болғандығынан, әрбіреуі дербес
фонеманы білдіреді. Демек, фонеманың көрінуі – фонетикалық жағдайға
байланысты емес. Осыған қарама – қайшы жаз, жез, жүз сөздеріндегі ж, ж,
ж дыбыстарының ерекшелігі фонетикалық жағдайдан жасалғандығынан сөз
мағынасын айқындауға септігі жоқ. Олай болса, ж, ж, ж дыбыстары сөз
мағынасын айқындайтын бір дыбыс типін жасайды да, тілдің өзге фонемаларына
қарсы қойылады. Сөйтіп, фонетикалық жағдай (екпінге, сөздегі орнына
көршілес дыбыстарға байланысты) сөз ағымында фонеманың заңдылық
көріністерін жасап, акустикалық шегін айқындайды.
Фонема теориясының мәні мен жаңалығы неде дегенде, мына екі мәселеде:
біріншіден, фонема жөніндегі оқу-тіл дыбысын –фонеманы сол тілдің жалпы
фонемалар жүйесінен жеке алып қарамайды. Мәселен, қазақ тіліндегі а
фонемасы тек қана акустика-физиологиялық ерекшелігімен емес, мағына
айқындау ерекшелігімен осы тілдегі өзге дауысты фонемаларға (ә, е, о, ө, у,
ү, ы, і, и, ұ) қарсы қойылып айқындалады. Фонологияның мәні мен жаңалығы
екіншіден, фонеманың варианттары жөніндегі іліміне қатысты. Л.В.Щерба
фонеманың варианттары жөнінде дербес теория жасады. Фонемалар тілде дербес
қолданылмайды, тек сөзде ғана қолданылады. Сөз тіркесімінен құралады. Сөз
ішінде фонема түрлі фонетикалық жағдайға байланысты. Сөздегі алатын орнына,
екпінің жайына қарай әртүрлі реңкте айтыла береді. Демек оны фонеманың
комбинаторлық варианттың мағына айқындау жағы болмағандығынан социалдық
мәні де болмайды. Сөйтсе де, вариантсыз фонема болмайды. тілдегі дыбыстың
қайсысы болмасын, белгілі бір фонеманың көрінісі. Фонема және оның варианты
диалектілік бірліктегі категория. Варианттар фонетикалық жағдайға тәуелді
болса, ал фонема тәуелсіз болады. Бір фонеманың комбинаторлық варианттары
екінші бір фонемаға үйлес келмейді. Фонема дегеніміздің өзі мағына айқындау
функциясы бар акустикалық жағынан шектелінген дыбыстар тобы. Фонема тілде
неше түрлі комбинаторлық вариантта келсе де, оның белгілі артикуляторлық-
акустикалық шегі болады. Бір фонемадан екінші бір фонеманы ажыратуымыздағы
себептің бірі-акустикалық шегінде. Олай болса, бір фонеманың комбинаторлық
варианты екінші бір фонемаға үйлес келмейді. Осы күнгі кейбір фонологиялық
еңбектерде фонеманы тануда екінші бір жай бар. Р.И.Аванесов, П.К.Кузнецов,
В.Н.Сидоров тіл дыбысының функциялық кезеңіне мән береді де, оның акустико-
артикуляциялық жағын естен шығарады. Р.И.Аванесов пен В.И.Сидоров Очерк
грамматики русского литературного языка (Москва, 1945) деген еңбекте
функциясына қарай фонема модификациясының екі түрі бар, оның бірі –
вариациялар да, екіншісі – варианттар деп көрсетеді. Бұл авторлар фонеманың
комбинаторлық алмасуын варианттар деп қарайды. Дәл осындай пікірді
И.А.Батмановтың Фонетическая система современного киргизского
литературного языка (1946, Фрунзе) деген еңбегінен де байқауға болады.
Жоғарыдағы айтылған пікірге қарағанда бір фонеманың варианттары
акустико-артикуляциялық жағынан екінші бір фонемадан өзгешелігі болмай,
оның сапасымен үйлесіп келетін болады. Демек, олардың айтуынша, фонема
дегеннің өзі функциясы жағынан үйлес келетін әнденеше фонеманың дыбыстық
синонимы болып танылады. Акустико-артикуляциялық жағынан бір фонеманың
комбинаторлық варианттары өзге фонемаларға үйлес келетін болады. Фонема мен
фонеманың материалдық-дыбыстық жағынан шекарасы болмай, тек функциялық
жағынан шекарасы ғана болатын көрінеді. Варианттар материалдық-дыбыстық
жағынан өзге фонемаға үйлес келетін болады. Осыған қарағанда, қазақ
тіліндегі колхозшы→колхошшы, жазса→жасса сөздеріндегі негізгі морфемадағы
з ұяңы қосымша басындағы қатаң дыбыстардың ықпалынан ш,с қатаңдарына
өтуіне қарай, ш,с қатаңдарын з фонемасының комбинаторлық варианты деп
айтуға үйлесетін көрінеді.
Немесе қабы (қап+ы), терегі (терек+і), балығы (балық+ы) сөздерінде
түбір морфема соңындағы п, к, қ қатаңдары қосымшадағы дауысты дыбыстың
ықпалынан ұяңдайды (п-б, к-г, қ-г). Олай болса, түбір морфема соңындағы б,
г, ғ ұяңдарын п, к, қ қатандарының комбинаторлық варианты деп қорытуға
болатын сияқты.
Негізінде жоғарыдағы айтылған пікірде мәселені осылай қарауды талап
етеді және осылайша қараған. Егер де ш, с қатаңдарын колхозшы-колхошшы,
жазса-жасса ұяң з фонемасының комбинаторлық варианты деп қарайтын
болсақ, онда шоқ, саз, гөш, бас сөздеріндегі ш, с фонемасының
материалдық, яғни акустико-артикуляциялық жағы болмайтыны ма? Немесе, б,
г, ғ ұяңдарын (қап-ы – қабы, терк-і- терегі, балық-ы-балығы) қатаң п, к,
қ фонемаларының ұяң комбинаторлық варианттары деп тынығанымызда, бала,
гүл, қағаз сөздеріндегі ұяң б, г, ғ фонемаларының акустико-
артикуляциялық ерекшелігі назарға алынбай, күнгірт қалып қалды.
Лингвистикада едәуір уақыттан бері фонетика және фонология болып жарысып
айтылып келеді. Соссюр, қала береді. С.Н.Трубецкой фонетика мен фонологияны
екі түрлі нәрсе деп қараған, фонетика сөзі кеңінен таралып, қалыптасты. Ал
енді фонология аты лингвистиканың Прага мектебімен байланысты таралды.
Олардың айтуынша, фонетика тіл дыбыстарының жасалуын, қасиетін, түрін,
жігін тексереді, осы жайды фонология атқарады деп көрсеткен. Күні бүгінге
дейін фонетика мен фонология арасын жіктеушілік, екеуін екі түрлі зат деп
танушылық етек алып келеді. Марксистік тіл ғылымы екеуін тұтас бір зат деп
қарайды. Лингвистиканың бір саласына енеді. Фонетика көбіне тіл
дыбыстарының артикуляторлы-акустикалық кезеңіне, фонология болса, тіл
дыбыстарының атқаратын қызметіне аса назар аударады.
Фонологияның теориясы, әдістері функционалды лингвистикаға байланысты
туылды. Фонетиканың ең басты мәселесі-тілдің фонемалар жүйесін, фонемалар
құрамын айқындау. Фонеманың сырын ашу туралы бірнеше көзқарас, теория бар.
Фонема – сөздің мағыналық жағын ажырататын кішкене кесек, дыбыс типі.
Фонема теориясы да дамып келеді.
Фонетиканың теориялық мәні ерекше. Тіл тарихы, этимология, тіл
туыстығының, тілдердін қарым – қатынасының толып жатқан шым-шытырман
мәселесі фонетикасыз шешілмейді. Тіл-тілдегі дыбыстық ұқсастықтар мен ортақ
жайларды және жеке, нақты заңдылықтарды ғылыми тұрғыдан білмейінше, жеке
бір сөздің шығу, даму, өзгеріс жолдарын білу, ол сөздің басқа сөздермен
байланысын ашу, айқындау мүмкін емес.
Фонетиканың практикалық мәні де айрықша. Фонетикасыз ана тілі
дыбыстарын дұрыс білу, шет тілін үйреніп, ол тілде сөйлей білу, алфавит
жасау, орфография, орфоэпия заңдары мен қағидаларын қалыптастыру. Мүмкін
емес. Әдетте, бір тілдің дыбысы екінші тілде сөйлейтін адамға хат болып
көрінеді. Әр халыққа өз тілінен басқа тіл- тіл емес, бірдеңе сияқты
көрінеді. Ал екінші тілді білген адамға онай емес. Соған көз жеткізетін
нәрсе сол тілдің фонетикасын меңгеру. Тіліміз әр түрлі дыбыстық үзіктерден
құралады. Сөйлеудің дыбыстық үзіктерінің ең қысқасы- дыбыстық единица. Яғни
дыбыс. Дыбыстардан буын құралады. Буындарды, дыбыстарды айтудың тактысы,
яғни сөйлеу тактысы болады. Сөз ішіндегі дыбыстар (фонемалар)-тілдің
материалдық бөлшегі. Дыбыстардың сөз ішінде тіркесуінде белгілі бір
заңдылықтар, сәйкестіктер болады. Фонетика тіл дыбыстарына қатысты осындай
ерекшеліктерді тексереді.
Дәлірек айтсақ, фонетика-тіл дыбыстары, яғни фонемалар туралы, тіл-
тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтар туралы ілім.
Тіл дыбыстары-күрделі құбылыс. Өйткені әр дыбысқа тән басты үш
ерекшелік (қасиет) болады: бірі –дыбыстың акустикалық (физикалық)
ерекшелігі, екіншісі-дыбыстың физиологиялық (анатомиялық) ерекшелігі,
үшіншісі-дыбыстың қоғамдық (яғни әлеуметтік) ерекшелігі. Бұл үш ерекшелік
әр дыбысқа тән, әр дыбысқа бірдей, әр дыбысты айтқанда, қолданғанды, бір
мезетте болатын (бірі-ерте, бірі-кеш пайда болмайтын) оған әрі физик, әрі
физиолог, әрі лингвист тұрғысынан қарауға тура келеді.
Осыған орай фонетиканы – тіл дыбыстарын зерттейтін ілімді үш салаға
бөледі: функционалды фонетика, артикуляторлы фонетика, акустикалық
фонетика. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
Мұның ішінде лингвистиканың басты объектісі-тілдің қоғамдық, яғни
әлеуметтік жағы. Бұл-функционалды фонетиканың объектісі. Функционалды
фонетиканы фонология деп те атайды. Функционалды фонетика тіл дыбыстарының
адамдардың қатынас жасау процесіндегі әлеуметтік жақтарын, қалпын зерттеп,
тексереді. Дыбыстың әлеуметтік (қоғамдық) мәні айрықша. Дыбыстардың өзіне
тән белгілері сол тілде сөйлеушілердің тарихи-қоғамдық тәжірибесіне, ұзақ
замандар бойы қалыптастырған дәстүрлеріне байланысты болып келеді. Өйткені
бір тілде сөйлеушілердің қоғамдық дағдылары сол тілдегі дыбыстардың жасалу
ерекшеліктерін және акустикалық жақтарын айқындайды.
Артикуляторлы фонетика тіл дыбыстарының жасалу жолдарын тексереді,
акустикалық фонетика дыбыстардың физикалық сипатын қарастырады. Бұл екеуін,
яғни дыбыстардың акустикалық және артикуляторлық жағын қарастыру
лингвистика үшін аса маңызды. Өйткені бұлар тіл дыбыстарының қоғамдық,
әлеуметтік қызметімен тығыз байланысты. Дыбыстардың акустикалық белгілері-
сол дыбысты тыңдаушы, қабылдаушы, айқындаушы үшін танылатын белгілер,
дыбыстардың анатомия белгілері-сол дыбыстарды айтушы тұрғысынан танылады.
Зерттеу, баяндау сипатына қарай фонетиканы төрт салаға-төрт типке
бөлуге болады: статистикалық немесе сипаттамалы фонетика, тарихи фонетика,
жалпы фонетика, эксперименталды фонетика. Аттарының өзінен-ақ көрініп
тұрғандай.
Статистикалық фонетика бір тілдің дыбыстық жүйесінің қазіргі бүгінгі
қалпын синхрондық тұрғыдан сипаттап, баяндайды.
Тарихи фонетика бір тілдің немесе туыстас тілдердің (қазақ, қырғыз,
башқұрт т.б.). дыбыстық жайларын, заңдылықтарын диахрониялық тұрғыдан
зерттеп, ортақ белгілерін, өзгерістерін айқындайды.
Жалпы фонетика – фонетиканың теориялық бөлімі, жалпы фонетика тіл
атаулыға тән дыбыстық ерекшеліктер тіл-тілдің дыбыстық жүйесіндегі ортақ
белгілер жөнінде ғылыми қорытындылар жасайды, сол қорытындылар нәтижесінде
дыбыстарға тән қасиеттерді зерттеп, тексеру, қыр-сырын ашу әдістері туралы
практикалық кеңестер береді.
Экспериментальді фонетика тіл дыбыстарын техникалық құралдар арқылы
анатомия-физиологиялық, акустикалық және әлеуметтік қызметтері тұрғысынан
тексереді.Қорытып айтсақ, фонетика дыбыстау аппаратын, яғни сөйлеу мүшелері
мен олардың қызметтерін, дыбыстардың айтылу, акустикалық ерекшеліктерін,
фонемаларға тән белгілерді, оларды топтастыру, сөйлеу тактысы, буын екпін,
интонация тіл дыбыстарының өзгеру заңдылықтармен дыбыстың сәйкестіктер,
алмасулар деген сияқты толып жатқан теориялық та, практикалық та мәселелер
жөнінен толық мағлұмат береді. Соңғы жылдары фонема теориясы дами түсті.
Бұрынғы кезде фонема өзінен басқа кішкене элементтерге жаралмайды деген
көзқарас басым болып келген еді. Келе-келе ол жай олқы болып шықты.
Фонеманы ажырататын белгілер анықталды. Мәселен, жаз, жас сөздерінде
келетін з, с ызыңдары әр біреуі үш түрлі белгіден құралады: З-тіл алғы –
тіс, ұяң және ызың, С-тіл алды-тіс, қатаң және ызын. з, с ызыңдары ұяң,
қатаң белгілері арқылы фонеманы ажыратады.
Акустикалық фонетиканың нәтижесінде Р.Якобсон, Г.Фант, М.Халле
тілдерде ұшырасатын 12 түрлі қосалқы ажыратушы белгілерді көрсетті. Қосалқы
ажыратушы белгілер бір тілде аз болуы да, көп те болуы мүмкін.
Фонологияның басты бір мәселесі-фонемалар оппозициясы. Фонема оппозиция
теориясының дамуы Н.С.Трубецкойдың атымен байланысты.
Тілдің фонема жүйесі екі түрлі жақтан қаралуы тиіс: бірі парадигмалық
жағынан, екіншісі-синтагматикалық тұрғысынан, мәселен: бас, тас, жас, қас-
мұнда б, т, ж, қ, дауыссыздары бір-біріне қарсы қойылған. Сол арқылы б, т,
ж, қ төрт түрлі фонема жасалған.
Тас-тес, тыс-тіс, тос-төс десек, кіші қосақтарды жасайды (минимальные
пары). Осы екі кезеңді тұтас алғанды тілдің дыбыс жүйесі құралып, өлке-
өлкө, көбелек-көбөлөк, жазса-жасса деген сөздерде бірінші буындағы ерін
ө дыбысының салдарынан соңғы буындағы езу дыбысы (е) сингармонизм заңы
бойынша ерін үндестігіне ауысады (көбөлөк). Сондай-ақ ш дыбысының
әсерінен с→ш алмасады(қосшы-қошшы). Синтагматикалық заң бойынша сөздің
басқы буыны фонема жағынан әлді келеді де, соңғы буындары әлсіз келеді
(соның басты түрі сингармонизм).
Жалпы лингвистикада фонема туралы бірнеше бағыт бар. Совет тіл
ғылымында фонологияның Москва мектебі, Ленинград мектебі және структуралық
бағыт бар.
Москва мектебі сөзді тұтас алып талдау жасайды. Фонеманы айқындауда
сөздің екі позициясы болады: әлді-күшті позициясы, мұнда фонема өз қалпын
сақтайды. Екіншісі, әлсіз-күшсіз позиция, мұнда фонемалар әртүрлі өзгеріске
түседі. Москва мектебі бойынша фонема күшті-әлсіз позиция арқылы
айқындалады: өр-лө-ді (өрледі) әлсіз позициядағы дыбыстар фонеманың
вариациясы, варианттарын құрайды. Архифонема-гиперфонема дегенді немесе
фонема қатарын жасайды.
Қазақ фонетикасының материалы Ленинград фонология мектебінің жайы
(фонеманың дербестегі) негізге ала талданады. Сонымен бірге Москва (сөзді
тұтас қарау, әлді және позицияға жіктеу) және структуралық лингвистиканың
(фонеманы анықтайтын белгілер) табысын елемей кеткен жоқ.

Фонема.
Сөз дыбыстарының әрқасысының өзіне тән сапалық жан-жақты ерекшеліктері
бар. Сондықтан да олар тілдегі сөздерді, сөздік ұғымдарды мағына жағынан
бір-бірінен ажыратуда негізгі қызмет атқарады. Мысалы: сөз ішіндегі … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз