Тегін палау жегісі келген халық ауладан секіріп кетті (видео)

0

Әлеуметтік желіде тегін палауға таласқан жұрттың видеосы жылдам таралып, қызу талқыға түскен деп жазады NUR.KZ.

Видеоның нақты қай өңірде түсірілгені белгісіз.

Алайда желі қолданушыларының айтуынша, оқиға Түркістан облысында «Мега» сауда орнының ашылуына орай ұйымдастырылған шара барысында болған. 400 келі тегін палау таратылып, жиналған жұрт тегін асқа таласқан екен.

Видеодан халықтың қоршау жанына жиналып, таратып жатқан ер адамдардың қолынан палауды алып, таласып жатқанын көруге болады.

Түсіріп тұрған адам «палауға талас болып жатыр» деп пікір білдірген.

Видеоның астында желі қолданушылар өз пікірлерін жазған.

«Не сұмдық мынау қазағым-ау, тыныштық па? Не бастап жатырсыңдар?«, « Мына қылықтарына жерлестерім үшін мен ұялып отырмын«, » Құдай өзі сақтасын! Не сұмдық?! Өмірі тамақ жемеген адамдар сияқты. Одан да көп балалы отбасыларға қалдырмай ма», — деген сияқты сын пікірлер жазған.

https://www.instagram.com/p/BrsP6DMHrak/?utm_source=ig_embed