Тегін көмектің жаңа үлгісі | «Айқын» газеті

0

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени да­му және ғылым комитетінің кеңей­тіл­ген отырысында денсаулық сақ­тау мә­селелері бойынша қолданыс­тағы заң­намаға өзгерістер мен толық­ты­ру­лар енгізетін жаңа заң жобасы қаралды.
Құжат өзгерістері кепілденді­рілген тегін медициналық көмектің жаңа үлгісін енгізуді, медициналық ұйымдардағы корпоративтік бас­қару жүйесін жаңғыртуды, денсау­лық сақтау инфрақұрылымын да­мы­тудың бірыңғай перспективалық жоспарын енгізуді, қоғамдық ден­саулықты сақ­тау мәселелерін, сондай-ақ меди­ци­налық білім беру жүйесі мен ғылымды жетілдіруді, медициналық кадрларды дайындау сапасын арттыруды, донорлықты дамытуды көздейді.
Мәселен, онда көрсетілетін ме­ди­циналық көмек көлемін келесі топтамалар бойынша бөлу ұсыны­лады: ең төмені – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі. Базалық – «Міндетті әлеуметтік ме­­ди­циналық сақтандыру туралы» заңына сәйкес ұсынылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру жүйесіндегі медициналық көмек. Сондай-ақ «Сақтандыру қыз­меті туралы» заңға сәйкес ерікті медици­налық сақтандыру шең­бе­ріндегі медициналық көмек, Қазақ­стан заң­на­масына қайшы келмейтін ақылы қызметтер көрсету мен өзге де көз­дердің есебінен ұсынылатын меди­ци­налық көмекті қамтитын меди­ци­налық көмектің қосымша көлемі.
Жобаға сәйкес, тегін медици­на­лық көмектің кепілдік берілген кө­­лемі ел азаматтарына, оралман­дарға, Қазақстан аумағында тұрақты тұра­тын шетелдіктер мен азамат­тығы жоқ адамдарға бюджет қара­жаты есебінен ұсынылады, ол ба­рынша дәлелденген тиімділігі бар профилак­тикалық, диагностикалық және емдік меди­циналық көрсе­ті­ле­тін қызметтерді, сондай-ақ дәрі­лік көмекті қамтиды. Тегін меди­ци­на­лық көмектің кепілдік берілген кө­лемінің тізбесін ел Үкіметі бекітеді.
Заң жобасында білім беруді, зерт­теулерді және клиникалық прак­ти­каны ұштастыру арқылы меди­ци­на­лық кадрлар дайындауға, меди­ци­налық қызметтер сапасын арттыруға, бірқатар әкімшілік және қылмыстық құ­қық­бұзу­шылықтар құрамын қайта қарауға, донорлық және Транс­план­тология инсти­тутын жетілдіруге, ту­бер­ку­лезбен және АИТВ-мен ауыра­тындарға медици­налық көмек көр­сетуге, сондай-ақ денсаулық сақ­тау жү­йесі мәселелері бойынша қолда­ныс­тағы заңнама­дағы олқы­лық­тарды жою­ға бағыт­тал­ған нор­малар көзделген.
Сонымен қатар сенаторлар «Кей­бір заңнамалық актілерге дә­рілік заттар мен медициналық бұ­йым­дар­дың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» заң жобасын қарады. Енгі­зілетін түзетулер шекті бағаларды бе­к­іту арқылы 2019 жыл­ғы 1 қаңтар­дан бастап барлық дәрі­лік заттарға арналған бағаларды рет­теуді енгізуді, әкімдердің құзыре­тінен фармацев­тикалық қызметті жү­зеге асыруға ар­налған лицензия­ларды беру жөнін­дегі функцияларды алып тастауды, азаматтардың жеке­леген санаттарын тегін немесе же­ңілдікпен амбулато­риялық қамта­масыз ету үшін кешенді бағалаудың негізінде дәрілік пре­параттар мен медициналық бұйым­дардың ұлттық формулярлық тізбесін қалыптас­тыруды қарастырады.
Бұдан бөлек, құжат дәрілік зат­тар мен медициналық бұйымдарды электрондық сатып алуға көшуге, дә­рілік заттар мен медициналық бұ­йымдардың айналысы саласын­дағы заңнаманы жетілдіруге бағыт­талған басқа да нормалардан тұрады.
Мұның сыртында отырыста «Кей­бір заңнамалық актілерге ха­лықтың жұмыспен қамтылуы мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жо­басы қаралды. Құжат бейресми жұ­мысқа тартылғандардың қызме­тін заңдастыруына және бірыңғай жиынтық төлемді төлеудің есебінен зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесінің толық мүшесі болуына мүмкіндік беретін жүйелі шараларды енгізу арқылы шарттас­тыруға және оларды еліміздің эко­номикасына тартуға бағытталған.
Барлық құжаттар комитеттің қол­дауына ие болды және алда палата жалпы отырысында қарауға ұсынылды.

Дереккөз: Айқын