Иранға үнемі тыңшы жіберіп тұрамыз

0
95

Израильдің премьер-министрі мәлімдемесінде Ирандағы ядролық бағдарламаларды бақылау үшін тыңшы жіберіп тұратынын айтты.

Израильдің әр елдегі дипломаттарымен кездесу кезінде сол елдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху: «Израиль агенттері Иранда ядролық бағдарламаларды шектеу мақсатында операцияларын жалғастырып жатыр», – деді.

Еврей мемлекетінің басшысы өз мәлімдемесінде, Иран ядролық бағдарламаларына қарсы жалпы әлем көлемінде күрес жүріп жатқанын, Израиль тарабы Ирандағы жағдайды бақылап отыру үшін тыңшыларды жіберіп тұратынын атап өткен.

Естеріңізде болса, биыл сәуір айында АҚШ президенті Иранмен жасасқан ядролық келісімнен бас тарту кезінде Израиль барлау агенттерінің деректерін алға тарта отырып, Теһран (Тегеран) билігі ядролық бағдарламаларын дамытып отыр деп айыптаған еді. Соның нәтижесінде 8 мамырда АҚШ бір жақты шешіммен Британия, Франция, Германия, Ресей, Қытай  қатарлы елдермен Иран ортасында жасалған келісімнен шығып кеткен.

“The Qazaq Times”