Тәулік ішінде COVID-19 белгісі жоқ 357 жағдай тіркелді

0
0

Қазақстан бойынша коронавирус індетінің белгісі жоқ 1 044 адам анықталғанымен, олар жалпы статистикаға енгізілмейді

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Елімізде өткен тәулік ішінде 183 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 1,5% құрады.

Өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында анықталды. Облыста 15 адамның індет жұқтырғаны расталып, көрсеткіш – 6,2 процентті құрады.

  • Нұр Сұлтан қаласы – 38 (1,6%);
  • Алматы қаласы – 29 (1,0%);
  • Қарағанды облысы – 24 (2,2%);
  • Батыс Қазақстан облысы – 21 (2,7%);
  • Павлодар облысы – 15 (6,2%);
  • Ақтөбе облысы – 13 (3,4%);
  • Шымкент қаласы – 10 (1,1%);
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8 (4,5%);
  • Атырау облысы – 6 (0.5%);
  • Қызылорда облысы – 5 (1,1%);
  • Алматы облысы – 4 (0.9%);
  • Түркістан облысы – 3 (0.8%);
  • Қостанай облысы – 2 (1.0%);
  • Маңғыстау облысы – 2 (0,6%);
  • Жамбыл облысы – 2 (0,5%);
  • Ақмола облысы – 1 (0,6%).

COVID-19 белгісі жоқ науқастар туралы

Өткен тәулік ішінде жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 357 тасымалдаушы тіркеліп, өсім 0,5 процентті құрады. Ал Қазақстан бойынша бұл деңгейдегі науқастар саны – 1 044. Олар коронавирус тасымалдаушы болғанымен, жалпы статистикаға енгізілмейді.

Ең көп жағдай Шымкентте – 75, Батыс Қазақстанда – 57, Нұр-Сұлтанда – 43 және Алматыда – 25 адамда анықталды.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 141 (+43);
  • Алматы қаласы – 95 (+25);
  • Шымкент қаласы – 131 (+75);
  • Ақмола облысы – 13 (+5);
  • Ақтөбе облысы – 17 (+6);
  • Алматы облысы – 73 (+13);
  • Атырау облысы – 65 (+23);
  • Шығыс Қазақстан облысы – 48 (+17);
  • Жамбыл облысы – 16 (+4);
  • Батыс Қазақстан облысы – 136 (+57);
  • Қарағанды ​​облысы – 102 (+25);
  • Қостанай облысы – 5 (+2);
  • Қызылорда облысы – 48 (+16);
  • Маңғыстау облысы – 71 (+14);
  • Павлодар облысы – 10 (+4);
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 40 (+16);
  • Түркістан облысы – 33 (+12).

Айта кетейік, елімізде індет жұқтырғандардың саны 12 694 адамға жетті. Оның ішінде 7 135 науқас айығып шықса, 53 адам індет салдарынан көз жұмды.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз