Тәуелсіздік жылдарында Алматы облысындағы жалпы өңірлік өнім 3 трлн. 700 млрд. теңгеге жетті
Алматы облысында жалпы өңірлік өнім көлемі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 35 млн.теңге болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 3 трлн. 700 млрд. теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнімін шығару 9,5 млн.теңгеден 1 трлн. 200 млрд. теңгеге дейін өсті, ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімі биыл 1 трлн. теңгеден асады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
— 30 жыл ішінде өңірде 14,5 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал бюджет түсімдері 1997 жылғы 11 млрд.теңгеден бүгінгі күні 742 млрд. теңгеге дейін өсті. 30 жылда облыс экономикасына 6,5 трлн. теңге инвестиция салынды, — деп атап өтті А.Баталов.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.