«Көз тимесін»: Тәуекелдің жары ерекше видеосын бөлісіп, елді сүйсінтті (ВИДЕО)

0
2556

Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілімнің жары желіде жолдасымен бірге түскен ерекше видеосын жариялап, елдің ыстық ықыласына бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Махаббат Мүсілім бұл бейнежазбаны Instagram парақшасында бөлісті. Онда ерлі-зайыптының табиғат аясында демалып жатқаны көрініс тапқан. Аса әсерлі болып шыққан видео көпшіліктің де жүрегінен орын алды. Желі қолданушылары жас жұбайлардың ерекше сәтіне тәнті болып, жылы лебізін білдірді. Оған қоса, кейбір оқырмандар қос ғашықтың бір-біріне қатты ұқсап бара жатқанын жазды. «Өте әдемі жұп. Көз тимесін», «Махаббаттарың баянды болсын», «Өте тәтті жұп», «Екеуің уақыт өте келе қатты ұқсап бара жатырсыңдар», «Сұлусыңдар», «Бірі бірі үшін жаралғандай», «Өте әдемі видео», «Табиғат аясында керемет түсірілген», — деп жазуда халық.