Тауарлар мен қызметтер сатып алуға арналған тұтынушылық несиені қысқа мерзімде қалай алуға болады? — Қазақстан жаңалықтары

0

Күрделі мақсаттарды жүзеге асырудан бөлек, қарапайым, тұрмысқа қажетті заттарды несиенің көмегімен иелену қазақстандықтардың арасында кеңінен таңылып келеді. Дегенмен, мұндай қызметтің арқасында көкейдегі көптеген ойды жүзеге асыруға болатынын көпшілік біле бермейді. Әсіресе, мейрам қарсаңындағы қарбаластан көпшілік банктер ұсынған дәл осы мүмкіндікті елемей қалып жатады. Осы орайда ВТБ (Қазақстан) банкінің қызметкерлері ең ерекше мейрам, жаңа жылда несиенің тиімді түрін пайдаланып, туыс-туысқандарға, жақындарға бағалы сыйлықтарды бірге таңдауға кеңес береді. 

Қазақстандықтар өтелетін несиелері туралы қайда хабарласып біле алады 

Несие пайда болғалы бері аз ғана уақыттың ішінде ең танымал қызметтердің біріне айналды. Оның көмегімен адам көңілі қалаған дүниесіне қол жеткізеді немесе белгілі бір қызмет түрін пайдалана алады. Сонымен қатар, бүгінгі күні несие алу арқылы адамдардың саяхаттауға, тіпті тұрмысқа қажетті қарапайым затты, техниканы немесе бағалы киімді сатып алуға мүмкіндігі бар. Ал мейрам кездері, жақындарды қуантуға деген құштарлық туған сәттерде тауарлар мен қызметтер сатып алуға арналған тұтынушылық несиенің орны айрықша десек, артық айтқанымыз емес. 

Күллі әлем ерекше ықыласпен күтетін мейрам жаңа жыл екені айдан анық. Жаңа жыл — жанымызға жақын адамдарға сезіміміз бен ықыласымызды жылы лебіздер, сыйлықтар арқылы білдіруге мүмкіндік беретін, сырға толы айтулы мерекелердің бірі. Ерекше мейрамның, жаңа жылдың келуіне саусақпен санарлық күн қалса да, сіздің ВТБ (Қазақстан) банкі ұсынған қызметтер мен бағдарламаларды пайдаланып, туған-туыс, достарыңызды құнды сыйлықтармен қуантуға әлі де мүмкіндігіңіз бар. 

Айтып өткеніміздей, банктің тауарлар мен қызметтер сатып алуға арналған тұтынушылық несиесі көңіліңіз қалаған дүниеге қол жеткізуіңізге үлесін қосады. ВТБ (Қазақстан) банкінің несиенің мұндай түрін ұсынатын  серіктестері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Талдықорған, Орал, Атырау және Қарағанды қалаларындағы сауда орталықтарында орналасқан. Бұл қызмет жақын арада еліміздің басқа аймақтарында да пайда болады. Ал әзірге аталған қалалардағы сауда орталықтарын барып, мынадай құнды заттарға кеңеле аласыз:

  •  жиһаз;
  • ірі және ұсақ тұрмыстық техника;
  • компьютерлер, жинақтаушыларды және шығыс материалдарын;
  • ұялы телефондар;
  • автобөлшектер, ТҚС қызметтері;
  • құрылыс материалдары;
  •  Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсетуді де пайдалануға болады.  

Тауарлар мен қызметтер сатып алуға арналған тұтынушылық несиелердің артықшылығы — екі немесе одан да көп тараптар үшін ұтымды үлестің болуында. Бүгінгі күні көптеген сауда орталықтары әртүрлі банк ұйымдарымен келісімшартқа отырған, әр қарыз алушы кез келген бағдарламаны, өзі қолайлы деп тапқан шарттарымен пайдалана алады. 

ВТБ (Қазақстан) банкі мұндай несиенің екеуін, яғни пайыздық және тиімді түрін ұсынады. Несиені рәсімдеу үшін міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматы болуыңыз қажет. Сондай-ақ жасыңыз 22-ден асқан және зейнет жасына жетпеген болуыңыз тиіс. 3 айдан 36 айға дейін берілетін несие сомасы 15 000 — 3 000 000 теңгені құрайды. Алғашқы жармасы 0-99 пайызға дейін. Тауардың немесе қызметтің түріне байланысты сыйақы мөлшерлемесі беріледі. Ең бастысы несиенің осы түрін рәсімдеген жағдайда бірнеше ай немесе бірнеше жыл бойы белгілі бір соманы банкке қайтарып, төлем жүргізуге міндетті екеніңізді ұмытып кетпеңіз. 

Тауарлар мен қызметтер сатып алуға арналған тұтынушылық несие туралы толығырақ ақпарат алу үшін 5050 нөміріне хабарласыңыз. 

 

 

 

 

stan.kz