«Тәтті кітап» оқуға қызықтырады

0

Шараны ұйымдастырушы «Кас­пий» шаңырағының педагог-кураторы Ақгүл Сарманованың айтуынша, байқауды өткізудегі басты мақсат – балаларды кітап оқуға ынталандыру, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «100 кітап» жобасының таны­мал­­дылығын арттыру.

– Мектебіміздегі кітапсүйер оқу­шы­лардың басын біріктіріп, «DARA» атты оқыр­мандар клубын құр­дық. Аталған ұйым балалар мен ата-аналар арасында кітап оқу­дың таны­мал­дылығын арттырып, шығар­маларға жарнама жасауды, ата-ананы мектеп өміріне белсенді араластыруды көз­дейді. Нәтижесінде, клуб мүшелері осындай қызықты сайысты өткізуді ұсынды, – дейді ол. 

«Тәтті кітап» жобасы аясында әр­бір ша­ңырақ екінші тоқсан соңында жеребе көмегімен оқитын үш кітапты анықтайды. Кейін ол кітаптарды оқып, сынып болып талқылау жүргізеді. Жарыс күні жарыс талаптарына сәйкес торт дайындап, оны көпшілік алдында қорғап, өздері дайындаған торт-кітапқа жарнама жасады. Жалпы көлемде оқушылар 50-ге жуық кітап оқыды.

Сайыста қазылар алқасының ше­шімімен Э.Хэмингуэйдің «Шал мен теңіз» повесі негізінде «Маңғыстау» шаңы­рағының қатысушылары дайын­даған тәтті ең үздік торт деп танылды. Ал «Қарақия-1» тобы С.Назарованың «Мой зеленоглазый аруах» кітабын және «Ақорда-2» шаңырағы А.Бектің «Волоколамское шоссе» кітабын бейнелеп екінші орынды иеленсе, үшінші орын Б.Шоудың «Пигмалионын» бейнелеген «Қарақия-2» тобына және Шарлотта Бронтенің «Джейн Эйр» кітабын суреттеген «Ақорда-1» тобы­на, Антуан де – Сент Экзюперидің «Ма­­ленький принц» кітабын бейнелеген «Саура» шаңырақтарына бұйырды. 

– Мұндай қызықты жарысқа алғаш рет қатысып тұрмыз. Біз өзімізге ерекше әсер қалдырған Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» шығармасының желі­сінде торт дайындадық. Бұл туындыда жазушының балалық шағында ба­сынан кешкендері, отбасы туралы баян­дал­­ған. Ерекше әсер сыйлайтын кітап­ты оқуға кеңес береміз, дейді «Там­ша­лы» шаңырағынан қатысқан Наз­гүл Қуантқан мен Қуаныш Беа­трисс. 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Маңғыстау облысы

Дереккөз: http://egemen.kz/