Тәтішевтің туыстары Әблязовке қатысты сот шешіміне пікір білдірді — новости Казахстана
27 қараша күні Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты Мұхтар Әблязовке қатысты сот шешімі жарияланып, ол өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын. Марқұм банкирдің жақындары осыған қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Қазақстан баспасөз клубына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Тәтішевтің туыстары шешімге толықтай қанағаттанатындарын және оның тиісті жазаны алатынына сенетіндерін жеткізген.
Сондай-ақ, олар Ержан Тәтішевтің тағдыры үшін өкінетіндерін айтыпты. Сондықтан Әблязовке қатысты шығарылған шешімді өте әділетті деп санайтын көрінеді.
Оған қоса экс-банкирдің отбасы оның өліміне қатысы бар барлық адам жауапкершіліктен құтылып кетпесе екен деп отыр.
Олар марқұмды ешқашан ұмытпайтындарын айтқан.
Еске салсақ, Мұхтар Әблязов банкир Тәтішевті өлтіруге тапсырыс бергені үшін өмір бойына сотталып кеткен болатын
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар