«Тасжүрек деген адамның өзі елжіреп кетеді». Айдос Сарым анттың быт-шытын шығарған депутаттарды қорғап алды

0
494
Сурет: https://aikyn.kz/

Қазақстандық саясаткер Айдос Сарым Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында депутаттар төсбелгісінің бағасына қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ, ол ант беру рәсімінде халықтың сынына ұшыраған әріптестерін қорғап алды.

Нартай Аралбайұлы: Кеудедегі төсбелгінің әрқайсысы 303 968 теңгеден екен деді. Жалпы осы төсбелгілерге төлеу үшін бюджеттен 24 317 440 теңге бөлініпті деген ақпарат тарады. Соны естіген кезде қандай пікірде болдыңыз?

Айдос Сарым: Мен өзімнің жеке көзқарасымды ғана айтайын. Менің түсінігімде бұл значок алюминий болсын, қалайы болсын – маған бәрібір. Ең алдымен, бұл алтын. Алтын болғаннан кейін бұл депутаттықтың атрибуты. Баяғыда мысалы билерге төсбелгі беретін, … тағатын деген сияқты бұл да бір белгі. Біраз салмағы бар алтын. Екіншіден, біздің ана монетный дворда өте шағын тиражбен басылған соң қымбаттады ма деп ойлап отырмын. Егер парламенттік іс басқармасының азаматтарымен кездесіп жатсам, өзім бөлек сұрайын деп ұйғарып отырмын.

Нартай Аралбайұлы: Бұрынғы депутаттар өздері алып кеткен бе сонда?

Айдос Сарым: Жоқ. Әр депутатқа жалпы жаңасын береді екен.

Нартай Аралбайұлы: Ант бергенде қатты қателесті ғой әріптестеріңіз. Шыққанда ескертпе айттыңыз ба оларға «Әй, дұрыс болмады сенікі мынау» деп.

Айдос Сарым: Жоқ, енді жаңылысқан адам бар, басқасы бар. Мен сізге айтайын қанша жерден мықты бол, бірақ мінберге шығып, жұрттың алдына қарап отырған кезде ең тас жүрек деген адамның өзі елжіреп, қобалжып кетеді екен. Сондықтан оны адами тұрғыдан түсінуге болатын сияқты.

Байқасаңыз әскерилер де антты алдына папкаға салып оқып береді. Өйткені формула маңызды. Бізде де жазба тұрды. Менің анда-санда барып көз қырымды салып жатқаным – аттарын айтпай-ақ қояйын бір екі кісілеріміз жаңылыпты та қалған сияқты. Ал негізі анттың басты тәртібі – ана формуланы бұлжытпай оқып беру. Сондықтан сондай бұлжымау тұрғысында оқыды.

Бірақ енді айтайын өзіңіз барыңыз, басқа біреу барсын, сыншылар барсын, республикалық үлкен мінберге шығып андай ант берген кезде қанша жерден кереметпін, күнде теледидарға шығып жүрмін, эстардаға шығып өлең айтып жүрмін деген адамның өзі кәдімгідей қобалжиды.