Х-Фактор жобасының қазыларын сатып алған!

0
451
Сурет: instagram.com/anatoliytsoy_official/

Х-Фактор бағдарламасының көрермендері әлеуметтік желілерде шу көтерді. Нұрберген Махамбетовтің атына «Қазылар алқасы кәуапқа сатылды» деген сөздер келуде.

Барлығы Анатолий Цойдың Нағима Есқалиеваның жобадан REEVOICE тобын кетіру туралы әділетсіз шешіміне қатысты шағымдарынан басталды. Сол кезде қазылар алқасының ең жас мүшесі халық әртісінің шешімімен келіспейтінін айтып, ашуға ерік берген еді. Бір аптадан кейін «әділет жолындағы күрескер» Нұрберген Махамбетовтің қабылдаған шешімін айыптап, инстаграм парақшасында пост жазды. Бұл постты оқығандар әншіні қолдап, Нұрбергеннің атына негативті пікірлерін жаудырды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от TSOY (@anatoliytsoy_official)

Соңғы эфирде қауіп аймағына Лаура Өтеуова мен Рустам Эльяс шықты. Нұрберген өзінің шешуші дауысын Рустамға беріп, көпшілікті таңғалдырды. «Лаура Өтеуова дайын әртіс, ал Рустамның оған деңгейі жетпейді», деп санайды Цой.

Бұл дауға Рустамның әйелі блогер Судоня Хабиби де қосылды. Ол өзінің бейнеүндеуінде өз күйеуін қорғап, Анатолий Цойдың айыптауларына қатысты пікір білдірді және оның әрекетін кәсібилікке жатқыза алмайтынын және оның жобада қатысуын жалғастырған DBC тобын ең әлсіз қатысушылар деп санайтынын айтты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от (@sudonya)

Нұрберген болса, көпшіліктің өзін негізсіз айыптап жатқанын, өзін «кәуапқа сатылды» деу қисынға келмейтінін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрбергеннің атына мұндай айыптаулар қазылар алқасының мүшесі Рустам Эльяс пен Судони Хабибидің үйіне қонаққа барып, мол дастарқанынан дәм татқаннан кейін айтыла бастады.