Тасжол жөнделген соң Алматыдан Нұр-Сұлтанға қанша уақытта жетуге болады?
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ өкілдері тасжолдағы жөндеу жұмыстары аяқталған соң жүргізушілер Алматыдан Нұр-Сұлтанға қанша уақытта жете алатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, қазіргі уақытта жолдың бірнеше учаскесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
«Қазір барлық жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша Күрті — Бурылбайтал — Балқаш тасжолының бөлігін жөндеу жұмыстары 2022 жылы аяқталады. Бұл учаске осы кезеңде пайдалануға беріледі деген сөз. Осы кезеңде онда қозғалысқа кедергі келтірмейтін белгілер орнатылуы мүмкін», — деді «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Ұлан Әліпов.
Оның айтуынша, барлық құрылыс және жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін Алматыдан Нұр-Сұлтанға дейінгі жол айтарлықтай қысқарады.
«Қазақстанда сағатына 120 шақырым жылдамдық сақтау туралы шектеу бар. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан арасындағы жол шамамен 1200 шақырым. Демек максимал рұқсат етілген жылдамдықта 10 сағатта жетуге болады. Бірақ бұл жүргізуші жолда тоқтамай және жылдамдықты азайтпайтынын ескерген жағдайда», — дейді Әліпов.