Тасмағамбетов: Батыстың қару-жарақ жеткізуі бейбіт келіссөздердің болатынын жоққа шығарады
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Батыс елдерінің Украинаға қару-жарақ жеткізуі қақтығысты келіссөздер арқылы тоқтату мүмкіндігін азайтатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
«Украинадағы жағдайдың одан әрі шиеленісуі жалғасуда. Ұрыс аймағына қару-жарақтың көбірек өлімге әкелетін түрлерін жаппай жеткізу келіссөздер арқылы текетіресті тоқтату перспективасын іс жүзінде жоққа шығарады», — деді Тасмағамбетов кеңейтілген кеңестің ашық отырысында.
Ол қақтығыстарды қоздыру бүкіл еуропалық және жаһандық қауіпсіздік жүйесіне зиян келтіруі мүмкін деп санайды. ҰҚШҰ хатшылығының хабарлауынша, отырыстың жабық бөлігінде Тасмағамбетов НАТО-ның Балтық жағалауы елдерінде, Польшада және Қара теңіз аймағындағы әскери әлеуетінің «бұрын-соңды болмағанын» атап өтті.