Ташкенттегі мектептердің бірінде ЛГБТ-мен күресу үшін оқушы нәскиінің ұзындығын өлшеген

0

Өзбекстан астанасындағы мектептердің бірінде ЛГБТ-мен күресу тәсілі ретінде оқушылар киген нәскилердің ұзындығын өлшеген. Халыққа білім беру министрлігі осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп жатыр.

Министрліктің хабарлауынша, Ташкенттің Мирабад ауданындағы №110 мектепте оқушылардың «қысқа нәскиін» тексерген.

Халыққа білім беру министрлігінің баспасөз қызметі мектептерге мұндай тексеру жүргізу туралы тапсырма бермегенін хабарлады.

Бұның алдында Өзбекстан әділет министрінің мемлекеттік тіл жөніндегі кеңесшісі Шахноза Соатова ұлы оқитын мектепте қысқа нәски кигендердің нәскиінің ұзындығын өлшеп, оны суретке түсіріп алғанын телеграм-арнасында жазды.

Соатованың айтуынша, мектеп басшылығы бұны ЛГБТ-мен күрес деп түсіндірген.

Шахноза Соатова мектеп басшылығының бұл әрекетін сынады.

«Біз антипропаганданы абсурдқа айналдырып жібердік. Бұл тақырыпты тым болмаса мектепте қозғамауға болмай ма?» — деп жазды Шахноза.