Шпекбаевтың қақпаны: Антикордың экс-басшысы қанша жемқордың ісін әшкереледі?

0
62

Өткен аптада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы қызметінен босатылған Алик Шпекбаев бұл қызметті үш жарым жылға жуық атқарған еді. Жемқорлыққа қарсы жүйеде бас-аяғы алты жылдан астам уақыт жұмыс істеген ол жауапты лауазымда отырып жемқорлықпен күресуге айтарлықтай күш жұмсады. 

Алик Шпекбаев 2017 жылдың соңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне келеді. 2018 жылдың маусым айында ол 32 шенеуніктің жемқорлыққа қатысы барын анықтап, қамауға алынғанын хабарлады. Олардың 15-і мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, оның ішінде бесеуі республикалық маңызы бар басшылар. Айналдырған бір жылдың ішінде 700 лауазымды шенеуніктің қатысуымен сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтап, жауапқа тартты.

«Олардың арасында энергетика вице министрлері, сыртқы саясат департаментінің жауапты хатшысы, Ауыл шаруашылығы министрлігі комитеттерінің төрағасы мен төраға орынбасары, ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ түрлі деңгейдегі судьялар», деді Шпекбаев.

«Тәрбиесіздік пен тойымсыздық түрмеге жетелейді, ал қанағат қарын тойғызады», деген ұрандағы Алик Шпекбаев 2019 жылдың 1-қарашасына дейін 1028 шенеунікті жемқорлыққа қатысы бар 1028 шенеунікті анықтады.

Сыбайлас жемқорлық үшін әсіресе пандемия уақыты жемісті болды. Бір жылдың ішінде 25 ауыр және 1368 қылмыстың жолына тұсау салынды, сондай-ақ жүйелік сыбайлас жемқорлықтың 112 фактісі анықталды. Деректерге сүйенер болсақ, 2020 жылдың қаңтар айында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов «туысының мүддесі үшін» әрекет етіп, «АқсуТрансЛогистик» ЖШС-не тиесілі болды, яғни басқа адамдар мен ұйымдарға бірнеше рет заңсыз түрде артықшылықтар мен өз мүддесін жүргізуді көздеген. Өзіне берілген құқықтар мен өкілеттіліктер шеңберінен шығып, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды адамдарынан тексерудің шынайы нәтижесін жасырып қалуды тапсырған еді. Алайда, экс-әкімнің қылмысының барлығы әшкерек болып, өмір бойына мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынып және 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Өткен жылдың наурыз айында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов үй қамағына жіберілді. Уақыт өте келе Ысқақовтың да жасырған қылмыстары ашыла бастады, Арыс қаласындағы полигондағы жарылыстардан кейін қаланы қалпына келтіруге қайырымдылық ретінде берілген 80 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылып жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Алик Шпекбаев кадр резервіне аса ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қарайды. Агенттік жұмысына жасампаз, жаңашыл жастарды тарту басымдыққа ие екендігін әуел бастан айтақн еді. Былтыр Агенттікті қайта құру барысында меритрократия қағидатына сәйкес жүзден аса қызметкері жоғары лауазымдарға тағайындапты. Сонымен қатар 2018 жылдың тамыз айының соңында Шпекбаев өзінің facebook парақшасында офицерлердің ресми жалақысы 62%-ға, 300-350 мың теңгеге көтерілгенін жазған еді, сондай-ақ басшылық лауазымдардың қысқарып, бұрынғыдай бір басшыға екі бағынушы емес, жетеу келетінін де айтқан.

Қорыта келгенде Шпекбаевтың кезінде Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО)- Еуропа Кеңесі шеңберіндегі бастамаға мүше болып қосылды, оның мақсаты – мемлекеттердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерін жетілдіру және база құрып, бір-бірімен тәжірибе алмасатын орын болып саналады.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету