Тәртіпсіздіктер кезінде «Дикий Арманмен» бірге жүрген депутат жауап алуға шақырылды

0
710

Алматы қаласының мәслихат депутаты әрі қоғам белсендісі Қайрат Құдайберген Facebook парақшасында жазба жариялап, өзін ҰҚК мен Бас прокуратура жауап алуға шақырғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

Қазір мен жоспарлы демалыста Дубайдамын. Біз 4 қаңтарда кетеміз деп жоспарладық, мүмкіндік болды, бірақ мен өз халқым мен Отанымды тастап ұшып кете алмадым. Менің демалысым 6 ақпанда басталды, бірақ 5 ақпан күні түскі уақытта маған ҰҚК-ден, ал 7-сі күні Бас прокуратурадан жауап алуға «шақыру» түсті. Барлығы өте дұрыс және сыпайы түрде. Әдейі кетіп қалғандай, олардың алдында өзімді жайсыз сезіндім. Келген соң міндетті түрде Астанаға барамын сөйлесемін, сосын не туралы сөйлескенімді айтамын, – деп жазды депутат.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен жаппай тәртіпсіздік кезінде бірге болғанын, сол күні қандай жағдай болғанын айтып берген еді.
6 қаңтар күні күндіз Арманмен бірінші рет Тәуелсіздік алаңында кездестік және бірге тұрып адамдарды сабырлыққа, арандатуға берілмеуге шақырдық. Арман адамдарды тек бейбітшілік митингке, Үкіметпен сөйлесуге шақырды. Бірақ провокаторлар пайда болып, оны алаңның басқа жағына алып кетті, мен тұрған орнымда қалдым. Қасыма елдің ішінде жүрген бірнеше жігіт келіп, «Аға, мына жердегі провокаторлар сізді өлтіріп кетуі мүмкін, сізді көлігіңізге дейін шығарып салайық» деді. Оларға мың да бір рахмет! – деп жазды депутат.