ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРҒА КУӘМІЗ | «Айқын» газеті
Президент Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздікті жариялаған тұста «Ең бірінші кезекте экономика, сосын саясат» деп, дамудың алғышарттарын кезегімен іске асыруды тұжырымдаған болатын. Елдің әл-ауқатын, экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін көреген даналықпен, сарабдал саясатпен жолға қоя білген Елбасы бүгінде халқымыздың рухани өмірінде бұрын-соңды болмаған тың бастамалар көтеруде.
Президент бұрынғы бір Жолдауында еліміздің латын графикасына қайта оралуы жайлы ұсыныс жасап, ол бастама бүгінде қолданысқа ене бастады. Ұлт көшбасшысының қазақстандықтардың қоғамдық санасын қайта қалыптастыру мақсатында жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тұжырымдамалық мақаласы тұтастай мемлекеттік бағдарламаға айналып, қазір ел игілігіне қызмет етіп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қалың оқырман қауымға ұсынған «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы – қоғамдық жаңғыру қағидасының жалғасы.
Руxани жаңғыруды жеделдету нысанасындағы тағылымды мақалада ұлт тариxының бастаулары, Ұлы дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың нақты жолдары да көрсетілген.
Терең тариxымызды түгендеуге мүмкіндік беретін мақала ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналары сөзсіз. Біз кездейсоқ пайда болған, әлемдік кеңістікте стихиялы түрде қалыптасқан ұлт емеспіз. Мыңдаған жылдар бойы адамзат өркениетінің қалыптасуына үлес қосып қана қоймай, үлкен әлемдік тарихи оқиғалардың ортасында болдық. Жібек жолының бойында емес, Жібек жолы тоғысқан орын болдық. Батыс пен Шығыс арасындағы өркениеттерді байланыстырдық. Сол арқылы қазақ мәдениеті өз алдына бөлек өркениет болып қалыптаса алды.
Қазақ мәдениеті – әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі, өзегі. Сондықтан түркі мәдениеті, ислам мәдениеті, көшпелі мәдениеттердің эпицентрінде болған қазақтың бай мәдениетінің орнын анықтауымыз қажет.
Нұрбек НҰРАЛЫ,
Ақмола облысы әдебиет және өнер музейінің директоры,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі
Дереккөз: Айқын