Тәуелсіздік күні құтты болсын!

0
82

Бүгін қазақ халқының КСРО қыспағынан босап, еркін ел болғанына 27 жыл толып отыр. Бабалар аңсаған тәуелсіздік қазақ елі үшін оңай келмегендігі белгілі.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдап, өзінің тәуелсіз екендігін жариялаған болатын.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Бұл күнді қазақ халқының әрбір азаматы жүрегімен сезінуі тиіс. Дәл осы Тәуелсіздік туының желбіреуіне ықпал еткен 1986 жылдың жастары жасаған ерлік ешқашан ұмыт болмауы керек. Сонымен бірге, жас ұрпақтың жадында әркез сақталуы тиіс. Ендеше осындай ата-баба қанымен келген егемен елдің төл мерекесі Тәуелсіздік күні құтты болсын дейміз. Қазақстанның егемендігі, еркіндігі, азаттығы жасай берсін. Тәуелсіздіктің туы құламасын!!!

“The Qazaq Times”