Таразда үш жасөспірімге оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді

0

Бүгін Тараз қаласында үш жасөспірімге оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы KzNews облыстық Полиция департаментіне сілеме жасап.

«Қаладағы Полиция бөлімшесіне облыстық балалар ауруханасына кәмелетке толмаған үш бала оқ жарақаттарымен жеткізілді деген хабарлама келіп түсті. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды» делінген хабарламада.

Қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар күдікті анықталып, қамауға алынды.

«Бүгінде кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, істің егжей-тегжейлері тергеу мүддесіне байланысты толық ақпарат жарияланбайды», дейді полицей.