Таразда онлайн беташар өтті: Келін Оңтүстік Кореядан қосылды

0

Оңтүстік Кореяда жұмыс бабымен жүрген қазақстандықтар онлайн той өткізді. Екінші тарап Тараз қаласынан қосылған, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Қос ғашықтың туыстары Таразда теледидар алдына жиналып, беташар жасады. Ал көгілдір экранның ар жағында отырған келін ата-салтпен сәлем салып отырды. Дәстүрге сай көрімдік те берілді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от (@bekzat_erkinov)

Желіден онлайн тойдың видеосын көрген оқырмандар таңқалғандарын жасырмады. Көпшілік дәл осындай шығынсыз тойды құптайтынын жарыса жазуда.