Таразда мемлекетке 50 млн теңгеден астам залал келтірген облыстық әкімдік қызметкері сотталды

0

3 наурызда Тараз қалалық №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Ғ.А.Ширшинбаев 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сайты.

Ол «Жамбыл облысының Мойынқұм және Қордай аудандарындағы уран кен орындарының қалпына келтірілген нысандарында қоршауды қалпына келтіру және ескерту белгілерін орнату» нысаны бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін қабылдау актілеріне қол қою арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануда күдіктеліп, сол арқылы мемлекетке 50 822 236 теңге залал келтірген.

Жалпы, биыл Қазақстанда екі ай ішінде шамамен 120 адам сотталды: 28 адам пара алғаны, 50 адам пара бергені, 20 адам алаяқтық, 11 адам ұрлық жасағаны, 7 адам лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін және т.б.