«Жақсы көңіл-күй сыйлағым келді»: Автобуста домбырада ойнаған студентке ел сүйсінді (видео)

0

Қарағандылық студент қала тұрғындарын қуанту үшін автобуста отырып, домбырада ойнаған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде қоғамдық көліктің ішінде домбырада ойнаған студенттің видеосы тарап жатыр. Жас жігіт бірнеше күй орындап, мереке қарсаңында қалалықтардың көңілін көтерген. Желідегілер студенттің өнерін жоғары бағалаған. Ал Әділхан Саяттың айтуынша, ол осылайша адамдарды қуантып, оларды ұлттық музыкаға тартқысы келіпті.

«Мен музыкалық мектептің домбыра сыныбын бітірдім. Күй ойнағанды жақсы көремін. Домбыраның дауысы адамдарды бей-жай қалдыра алмайды. Мен аздап болсын жақсы көңіл-күй сыйлағым келді», — дейді ол.

Әділхан Евгений Букетов атындағы университеттің бірінші курсында оқиды. Мамандығы заңгер.

«Мен біреуі екіншісіне кедергі келтірмейді деп санаймын. Менің домбыраға қызығушылығым аздаған табыс та әкеледі. Қазір оқушыларға үйретіп жүрмін. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан мен Алматы автобустарына мініп, жергілікті тұрғындар үшін домбырада ойнағым келеді. Олардың да әсерін көргім келеді», — дейді Әділхан. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SAGINBLOG|КАЗАХСТАН🇰🇿 (@saginblog.kz)

Айта кетсек, жас жігіт әлеуметтік желіде де белсенді. Парақшасында өзінің өнер көрсеткен сәтінен видеожазбалар жариялайды. Сонымен қатар Әділхан оқырмандары үшін тікелей эфир жүргізіп, күй орындайды. Эфирге өзге елдің тұрғындары да жиі қосылады екен.