Home Жаңалықтар Танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетов өмірден өтті

Танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетов өмірден өтті

0
508

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер, сценарист және актер Сатыбалды Нарымбетов 75 жасында өмірден өтті.

Қайғылы хабарды Мәдениет министрлігі өкілдері растады. Министрлік мәліметінше, Сатыбалды Нарымбетов бүгін, 8 шілдеде таңертең өмірден өткен.

Сатыбалды Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған. Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1984 жылы жоғары режиссерлік курсты (Г.Н. Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген. 1969 жылдан «Қазақфильм» студиясында сценарист әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті. 1970 жылдан – «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері болды. Ал 2005 жылдан бері Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Дебют» бірлестігінің жетекшісі болған еді.

«Құрманғазы» атты деректі фильміне (1972 жылы), «Зауал (1981 жылы), «Күзгі бұралаң жол» (1984 жылы) қысқа метражды фильмі, «Ұрын келген күйеу» (1987 жылы), «Созақтан шыққан Гамлет» (1990 жылы), «Көзімнің қарасы», «Жас аккордеоншының өмірбаяны» (1994 жылы), «Омпа» (1998 жылы) және тағы басқа көркем фильмдерге режиссерлік еткен.