Танымал қазақстандық актрисаның жұбайы дүниеден өтті

0

Актрисаның күйеуі 17 қыркүйекте қайтыс болған, оның неден көз жұмғаны белгісіз

Отандық «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Әлия Телебарисованың күйеуі қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаралы хабарды актриса растады. Айтуынша, жары Азаматтың қазасына коронавирус инфекциясының қатысы жоқ.

Ал отбасының достары желіде жазба қалдырып, Азаматтың 17 қыркүйекте қайтыс болғанын хабарлады.

«Саған қандай да бір жолмен көмектесе алғанымызда ғой, бірақ сен біреуге салмақ салғың келмеді. Нағыз күреске ретінде соңына дейін жеңіп шығатыныңа сендің. Азамат, сен біздің жүрегімізде мәңгі жас, көңілді, позитивті және талантты қалпыңда сақталасың», – деп жазды досы.

Айта кетейік, актриса 2014 жылы мамандығы заңгер жігітке тұрмысқа шықты. Содан кейін елордаға қоныс аударды. 2016 және 2019 жылы туған екі қызы бар.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз