Танымал блогерлер сотталуы мүмкін

0

Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық соты Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы (қаржы пирамидасын құру және оны басқару) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Тергеу соты М.Төребаев пен М. Шерниязовты 1000 АЕК көрсеткіш қаражатпен (шамамен 3 миллион теңге шамамен — авт) кепілмен босатып, ал Саидбаевқа қатысты «сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты» қанағаттандырды», -деп хабарлады соттан.