«Талып жатқанда зорлаған». Анасы қызының жантүршігерлік оқиғасын баяндады (видео)
Шымкент қаласының тұрғыны отандық басылымға мүгедек қызының басындағы жантүршігерлік жағдайды баяндады.
Әлия Мамытова Instagram желісінде qumash_kz паблигіне арнап видеоүндеу жазды. Ол өз үндеуінхде қызының басынан өткен жағдайды жария етуді сұраған.
«№2 қалалық мүгедектерге арналған интернатта қызы Толғанайды (І топ мүгедегі) 7 жыл бойы зорлаған. Алдын ала болжам бойынша, ол талып жатқан кезде (қыз бала эпилепсияға шалдыққан) оның тәнін пайдаланған. Сондай-ақ, мекеме анасына еш ескертпей Толғанайға спираль қойып қойған», — делінген Telegram желісінде тараған видеоның тұсында.
Полицияның зорлау фактісін растағаны айтылды. Алайда құқыққорғау органдарына арыз түскелі үш айдан астам уақыт өтсе де, іс бір орында тұр.
Мегаполис полиция департаменті аталған іске қатысты әлі де тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, тиісті соттық-медициналық сараптамалардың жүргізілгенін хабарлады.