Балғынбек Имашев: Цой жағына жылан жұмыртқаласын! Адамдарды ойлайды ма зомби деп

0

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды сынап, «Той жыры» мақамымен өлең жазды.

Ақын оны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Қой үстіне бозторғай,

Цой жағына жылан жұмыртқаласын!»

Цой жыры

Карантиннің құдірет күші әлдилеп,
Бар әлемнің суылдатқан жүрегін.
Адамдарды ойлайды ма зомби деп,
Екпе салмақ қалдырмастан біреуін.

Қайырмасы:

Цой үстінде қатты күндер, қатты күндер,
Шықпаса екен «наконец!» деп шаттық үндер.
Кім айтады бұл әлемдік қойылымның,
Авторлары нақты кімдер, нақты кімдер?
Вакцинация — боп тұр ажал бесігі,
Біліп алдық Билл Гейтстің ойларын.
ВОЗ дегенің — барлық дерттің есігі,
Орындаушы болмаса екен Цойларың.

Қайырмасы:

Министрлер дәріден жер, маскыдан жер,
Есі дұрыс қалмаған ба жақсы дәргер?
Кім ауырад, кім өледі, қашан өлед,
Шеттерінен бақсы-балгер, бақсы-балгер.
Цой үстінде нақты кімдер, нақты кімдер?
Басқарып тұр әлемдегі БАҚ-ты кімдер?
Жалғандықты жалау етпей журналистер,
Қара қылды қақ тіліңдер, қақ тіліңдер!


Тегтер:Алексей Цойалексей цой биографияалексей цой казахстаналексей цой карантиналексей цой министр здравоохраненияалексей цой новостиалексей цой отецалексей цой певецалексей цой семьяалексей цой судБалғынбек Имашевбалғынбек имашев айтыс сөздерібалғынбек имашев балаларыбалғынбек имашев жаңа жылбалғынбек имашев инстаграмбалғынбек имашев отбасыбалғынбек имашев семьябалғынбек имашев қызымабалғынбек имашев өлеңдерібалғынбек имашев өлеңдері скачатьвакциналаувакциналау дегенимиз невакциналау тәсілдерівакциналаудың зиянывакциналаудың маңызывакциналаудың пайдасықой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қонысқой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманқой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман сөйлем құрауқой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туадықой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман қай ханқой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мағынасықой үстіне бозторғай ұялаған заман