Талғарда төрт балаға иіс тиіп қалды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Дәрігерлер балалардың халі тұрақты дейді. Зардап шеккендердің ең кішкентайы бар-жоғы екі жаста екен

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Талғарда төрт балаға иіс тиіп қалды. Жеке тұрғын үйдің мұржасы тазаланбаған, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

«Пешті пайдалану ережелерінің бұзылуы салдарынан (мұржаның тазаланбауы) 2010, 2013, 2015 және 2017 жылдары туған төрт бала иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды», — деп ақпарат берді Нұрахметов.

Зардап шеккен балалардың халі тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында.

Осыған ұқсас жағдай Солтүстік Қазақстан облысында да болды. Сулы стансасындағы жеке үйде тұратын 1985 жылғы әйел мен оның 11 жастағы қызы иіс тиіп, ауруханаға түсті.

Екеуі қазір орташа ауыр халде жатыр.

Иіс тимес үшін не істеу керек

Бірінші кезекте, пешті пайдалану талаптарын сақтау қажет.

Пештің үстінде және маңында ағаш отын, киім-кешек пен басқа жанғыш материалдарды кептіруге болмайды.

Аяз кезінде пешті қатты қыздыруға жол бермеу керек.

Мұржаны үш айда бір рет міндетті түрде тазалап отыру қажет. Сондай-ақ, пештің түтін тартуы нашарлаған кезде мұржаны бірден тазарту керек.



sputniknews.kz