Қостанайда қоқыс жәшігінен сәбидің денесі табылды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазір полицейлер жаңа туған нәрестенің анасын іздестіріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қостанайда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды. Шақалақтың қашан және неден қайтыс болғанын сараптама анықтайды.

23 қараша күні Қостанай тұрғыны полицияға хабарласып, Әуежай шағын ауданында қоқыс жәшігінің бірінен нәрестенің табылғанын айтқан.

Полиция департаментінің басшылығы мен құзырлы қызметтер оқиға орнына аттанады.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір шақалақтың анасы іздестіріліп жатыр.

«Полиция қызметкерлері жақын маңдағы үйлерді аралап, тұрғындардан сұрастыруда. Бұған қоса, бейнекамера жазбалары қаралып жатыр. Іздестіру жұмыстарына кинолог мамандар да тартылды», — деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл жағдайды полиция департаментінің басшылығы мен облыстық прокуратура бақылауына алды.



sputniknews.kz