Талғар жолындағы апат: полиция мән-жайды анықтап жатыр

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ол жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған

АЛМАТЫ, 15 маусым — Sputnik. Алматыда Subaru Outback көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Жол апаты сенбі, 15 маусым күні Талғар жолында болған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан-ға куәгерлер.

Көлік шығыс бағытқа бет алған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам «Князь Oil» жанар-жағармай станциясы маңында жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Subaru жүргізушісі кенеттен пайда болған жүргіншіні байқамай, қағып кеткен.

  • Алматыдағы жол апаты

    Алматыдағы жол апаты


    ©
    Sputnik / Стрингер.

  • Алматыдағы жол апаты

    Алматыдағы жол апаты


    ©
    Sputnik / Стрингер.

  • Алматыдағы жол апаты

    Алматыдағы жол апаты


    ©
    Sputnik / Стрингер.

1 / 3


©
Sputnik / Стрингер.

Алматыдағы жол апаты

Ер адам жедел жәрдем қызметі жеткенге дейін көз жұмды. Оның 34 жаста болғаны анықталды. Қазір полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.



sputniknews.kz