Талдықорғанда такси жүргізушіні айуандықпен өлтіріп кетті

Полицейлер куәгерлерді тауып, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға кірісті
ТАЛДЫҚОРҒАН, 11 қаңтар — Sputnik. Талдықорған полицейлері желтоқсанның соңында із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы ер адамды өлтіру фактісі бойынша істі тергеп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Golf 3 маркалы өртенген көліктің фотосы жергілікті kris_p_tdk паблигінде жарияланып, интернет қолданушылар арасында дүрбелең туғызды.
kris_p_tdk
kris_p_tdk паблигінен алынған ақпарат – скриншот
Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабында («Кісі өлтіру») қарастырылған қылмыстық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлай отырып, қажетті ақпаратты берді.
«Автокөлік 5 қаңтарда табылды. Тексеру кезінде иномарка өткен жылдың соңында із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі екені анықталды. 7 қаңтарда табылған зардап шегушінің мәйітінде зорлықпен өлтірудің айқын белгілері бар», — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зайсанда такси жүргізушінің мәйіті табылды
Талдықорған полицейлері куәгерлерді тауып, осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел іздестіру шараларына жұмылдырылды.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/