Талдықорған тұрғыны шетел азаматын өлтірді деп күдіктелуде — новости Казахстана
Алматы облысының тәртіп сақшылары шетел азаматының өлімін анықтады. Марқұмның денесі көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлесінен табылды деп хабарлайды «Қазақпаратқа» сілтеме жасаған NUR.KZ.
Анықталғандай, ер адам күш көрсету нәтижесінде қайтыс болған. Оған қоса, марқұмның Талдықорған тумасы екені белгілі болды. Алайда, бірнеше жыл бұрын ол өзге ел азаматтығын алып алған.
Ер адамның өліміне қатысы бар деген күдікпен 48 жастағы қала тұрғыны тұтқындалды. Тергеушілер қылмыстың ішімдік ішкен екі азамат арасындағы жанжал нәтижесінде орын алғанын анықтады.
Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты тергеу жқмысы жалғасып жатыр. Талдықорған полиция депараментінің баспасөз қызметі күдіктінің қамауда отырғанын мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар