Биыл Алматыда көлік айнасын ұрлаумен айналысқан 350-ге жуық адам ұсталған — Қылмыс

0

Алматыда 2018 жылы көлік айналарын ұрлаған 344 адам ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«2018 жылы11 ай бойы жүргізілген шаралардың нәтижесі бойынша өзгенің мүлкін ұрлау дерегі 2,9 пайызға азайды. Жалпы ұрлық жасаған 6213 адам ұсталды. 104 қылмыстық топтың қитұрқы әрекеті ашылды, олардың 24-і пәтер тонаушы топ, 28-і автокөлік бөлшектерін ұрлағандар және қалған 46 топ басқа да ұрлық түрімен айналысқан», — дейді криминал полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақовтың баспасөз қызметі өкілдері. 

Ақпараттар бойынша, полицейлер кеше күндіз тағы бір автобөлшектер ұрлығымен айналысатын адамды ұстады. 37 жастағы ер адам Алғабас ықшамауданында Nissan Cefiro маркалы көліктің айнасын ұрламақшы болған. Ол қылмыс үстінде ұсталды. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz