Тайландта ауыр қалде жатқан қазақстандық азаматтың туыстары министрліктен елге қайтаруға көмек сұрады
Қазақстандық азамат Таиландта қатты толқын кезінде жұбайын құтқарамын деп суға батып, ауыр қалге түскен. Оның туыстары Сыртқы істер министрлігінен азаматты елге жеткізуге көмек сұрауда. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Азаматтың әпкесінің айтуынша, 24 жастағы Ысқақов Артур келіншегімен бірге Тайландқа демалысқа кеткен. Демалыс барысында артур оқыс оқиғаға тап болған.
«Олар теңізде жүзіп жүргенде күшті толқындар көтеріліп, қалыңдығы суға бата жаздаған. Әрине, ағам оны құтқарғанымен өзін толқын алып кеткен. Құтқарушылар ағамды тауып алғашқы көмек пен реанимациялық шаралар жасаған. Кейін Таиландтағы ауруханаға жіберілді», — деді әпкесі.
Бойжеткеннің айтуынша, тай дәрігерлері Артурдың амандығы туралы жалған ақпарат таратқан. Кейін Артурдың ата-анасы дереу Тайландқа барып, көріністі өз көздерімен көрген.
«Клиника өкілдері Артурдың бас миының электроэнцефалограммасын және динамика бойынша компьютерлік томографияны жасамаған. Миы өлген деп мәлімдеді. Тіпті ешқандай рұқсатсыз оны медициналық комаға түсті деп құрылғыдан өшіргісі келген. Ал Артур оянбаса да ата-анасының сөзіне іс-қимылмен жауап береді. Отбасы сөйлегенде көзіне жас алады. Қолы да жаймен қимылдайды», — деп қосты әпкесі.
Бойжеткен Артурды Қазақстанға жеткізуге Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінен көмек сұрайды.
«Таиландтағы аурухана үшін шетелдік азаматты өздерінде ұстау тиімді емес. Тіпті жергілікті БАҚ Артурдың қайтыс болғаны туралы ақпарат беруде. Бірақ олай емес. Біз Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен Артурды тезірек елге жеткізуге көмек сұраймыз», — деп түйіндеді әпкесі.