Тағы да бір вайнер жауапқа тартылды (видео)

0

Белгілі қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек (Секавайнес) жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында мәлімдеді , — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тексеруге әлеуметтік желіде вайнердің  такси жүргізушісін бейнелеген әзілге толы видеосы себеп болды. Видеода Сека қауіпсіздік белбеуін тақпай-ақ, кедей жолаушыны діттеген жеріне апармақшы болады. Қолданушылар әзілкешті жазалауды талап етіп, видеоға полицейлердің назарын аудартты. 

«Жолдарда қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін сақтамау» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды», — деді Рустам Әбдірахманов. .

(фото SN.kz)