Қапшағай қаласының атауы өзгертілді

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы» Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 3 мамыр

№  885», — делінген Ақорда хабарламасында.

 

(фото stan.kz)