Тағы бір қаза: Ақтөбе облысында алтын өндіретін кеніште жұмысшы қаза тапты
48 жастағы азаматты жерасты тау учаскесінде арнайы техникамен машинист басып кеткен. Еңбек инспекторларының айтуынша, ол өзінің шахтадағы әріптесін байқамай қалған.
Олар бригадамен бірге көлік штрегіндегі құбырларды қосу жұмыстарын жүргізді. Ер адам алған жарақаттарының кесірінен сол жерде тіл тартпай кетті.
Бұл жағдайды комиссия анықтап жатыр.
Фото: ашық ақпарат көзінен